Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚТЖ жүк жөнелтушілерді 2025 жылғы мамыр мен маусымға жөнелту қарқынын арттыруға шақырады
54 / 02.05.2025 14:48

ҚТЖ жүк жөнелтушілерді 2025 жылғы мамыр мен маусымға жөнелту қарқынын арттыруға шақырады

2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында астықты темір жол көлігімен тасымалдау өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54%  ұлғайып, 4,7 млн тоннаны құрады. Оның 3,7 млн тоннасы экспортқа жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 60% артық. Орталық Азия елдеріне жеткізілімдер ең үлкен өсімді көрсетті: Өзбекстанға жөнелту көлемі 18%, Тәжікстанға — 45%, Түрікменстанға екі есе және Қырғызстанға төрт есе өсті. Каспий — Ақтау және Құрық порттары арқылы Балтық (8 есе) және Иран елдері бағытында экспорт әсіресе қарқынды өсуде (10 есе).

Маркетингтік жылдың қорытындысы бойынша (2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың сәуіріне дейін) ҚТЖ желісі бойынша астық тасымалдау көлемі 9,8 млн тоннаға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52% артық. Экспорт 58% өсіп, 7,7 млн тоннаны құрады. Орталық Азия елдеріне жеткізілім 35%, яғни 4 млн тоннаға дейін ұлғайды. Сондай-ақ  Иранға — 16 есе, Ауғанстанға — 34%, Қара теңіз порттарына — 28%, Балтық жағалауы елдеріне 4 есеге экспорттың айтарлықтай өсуі тіркелді.

ҚТЖ 2025 жылғы жаңа егінді қабылдауды қамтамасыз ететін жоспарлы фумигациялауды және басқа да қажетті іс-шараларды жүргізу үшін элеваторларды жедел босату мақсатында мамыр және маусым айларында астық тиеуді ұлғайтуға шақырады.

Поделиться:
Популярные новости
76 / 18.06.2025

Қытай мен Қазақстан арасындағы тасымал көлемі өсе түсуде

2025 жылдың алғашқы бес айында Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасындағы теміржол тасымалдарының көлемі 14,2 миллион тоннаға жетіп, өтке...

26 / 17.06.2025

Құрметті әріптестер!

Сіздердің назарларыңызға «ГалстукOFF» жобасының кезекті шығарылымын ұсынамыз. Бұл жолғы қонақ — локомотив шаруашылығы саласының бас маманы Асан ...

18 / 17.06.2025

ВЧД-13-те екі тәжірибелі маманды зейнетке шығарып салды

Қарағанды пайдалану вагон депосының (ВЧД-13) ұжымы Жезқазған станциясының ПТО бастығы Нұрқайдар Жапабаев пен Қарабас станциясының ұстасы Павел Г...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер