Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚТЖ 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында көмірдің үздіксіз логистикасын қамтамасыз етті
697 / 02.05.2025 16:30

ҚТЖ 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында көмірдің үздіксіз логистикасын қамтамасыз етті

2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында (мамырдан сәуірге дейін) Қазақстан аумағы бойынша темір жол көлігімен 71,7 млн тонна көмір жеткізілді. Оның ішінде жылу электр орталықтары (ЖЭО) үшін — 64,7 млн тонна, коммуналдық — тұрмыстық сектор үшін-7 млн тоннадан астам. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, жылыту кезеңінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін көмір тапшылығы байқалған жоқ.

ҚТЖ көмірдің үздіксіз логистикасын қамтамасыз етті және жүк жөнелтушілердің 100% өтінімдерін орындады. Қатты отынды тасымалдауды үйлестіру үшін тәулік бойы жедел штаб жұмыс істеді. Күн сайын Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, сондай-ақ әкімдіктер өкілдерінің қатысуымен кеңестер өткізілді.

ҚТЖ көмірді тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыруды жалғастыруда және операторлар мен жүк жөнелтушілерді алдағы 2025-2026 жылыту маусымына тасымалдауға өтінімдерді алдын ала қалыптастыруға шақырады.

Поделиться:
Популярные новости
104 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

645 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер