Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат д...
«Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ – «Интеграцияланған жоспарлау дирекциясы» филиалы «Богатырь Көмір» ЖШС ұжымына тиімді өзара іс-қимыл жасағаны және 2025 жылдың бірінші тоқсанында көмірді тұрақты әрі біркелкі тиеуді қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.
Өндірістік процестерді ұйымдастырудың жоғары деңгейінің, технологиялық операцияларды нақты үйлестірудің және кәсіпорын мамандарының үйлесімді жұмысының арқасында ағымдағы жылдың ақпан айында тиеу көлемі бойынша 3,9 млн тонна көмір бойынша тарихи рекордқа қол жеткізілді. Бір айда тәулігіне 33 маршрутты тұрақты жөнелту қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, «ҚТЖ «ҰК» АҚ тиеуді ұйымдастыруды жетілдіру және станция инфрақұрылымын ұтымды пайдалану мәселелерінде серіктестің белсенді ұстанымын атап өтті. Бұл маршруттық пойыздардың тұрақты жөнелтілуіне, жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізуге және вагон паркінің айналымын жақсартуға ықпал етеді.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...