Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Жоғары көлік және коммуникация колледжінде Республикалық кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздары марапатталды
248 / 24.04.2025 15:21

Жоғары көлік және коммуникация колледжінде Республикалық кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздары марапатталды

2025 жылғы 22 сәуірде Жоғары көлік және коммуникация колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен Республикалық кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті .

Мақтаныш!  Колледж ұжымы үшін зор қуаныш – 4-курс студенті Михаил Гордей 3W07160501 – «Тепловоз машинисінің көмекшісі» біліктілігі бойынша байқауда БІРІНШІ ОРЫНДЫ иеленіп, республикалық деңгейде үздік деп танылды.

Жеңіс жолы – бұл Михаилдың табанды еңбегі мен кәсіби дайындықтың жемісі. Оның бұл жетістігі – тәлімгерлері Калиев Орал Тастыбаевич пен Карагулова Динара Толегеновнаның зор еңбегі мен қолдауының нәтижесі.

Қуанышты сәт! Михаил сертификатпен және естелік сыйлықпен марапатталды. Бұл – үлкен еңбектің лайықты бағалануы!

Тәжірибе алмасу: Іс-шара аясында колледждің әлеуметтік серіктесі – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС локомотив шаруашылығы жөніндегі бас директордың орынбасары Асан Ізтілеуұлы Үмбетовпен кездесу өтті. Ол студенттермен өзінің еңбек жолындағы маңызды сәттерімен бөлісіп, теміржол саласындағы заманауи талаптар мен болашақ мүмкіндіктер туралы айтып берді.

Ынтымақтастық бағыты:  Кездесу соңында колледж бен «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл – білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға, оқу бағдарламаларын жетілдіруге және еңбек нарығына сай бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған маңызды қадам.

Поделиться:
Популярные новости
11 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

13 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

54 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер