Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Алматы өңірінде көктемгі комиссиялық тексеру өтуде
124 / 18.04.2025 15:11

Алматы өңірінде көктемгі комиссиялық тексеру өтуде

Алматы жүк тасымалы бөлімшесінде, Магистральдық желі бөлімшесінде теміржол инфрақұрылымы шаруашылықтарын көктемгі комиссиялық тексеру басталды.

20 күн ішінде мамандар жол шаруашылығының, сигнал беру және байланыс құрылғыларының, электрмен жабдықтаудың, ғимараттар мен құрылыстардың, жылжымалы құрамның, сондай-ақ теміржол тасымалдарының қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ететін объектілердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізеді.

Тексеру теміржол төсемінің, бағыттамалық бұрмалардың, байланыс желісінің жай-күйін қамтиды. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға, персоналды арнайы киіммен қамтамасыз етуге және апаттық қордың жарамдылығына ерекше назар аударылады.

«Өңірдегі көктемгі тексеру-дәстүрлі түрде тасымалдау көлемі артып келе жатқан жазғы кезеңге дайындықтың маңызды кезеңі. Ол ықтимал ақауларды алдын ала анықтауға және жоюға, барлық теміржол инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», – деп Алматы жүк тасымалы бөлімшесінің бас инженері Сабыр Иманғалиев атап өтті.

Комиссия құрамына кадр және кәсіподақ қызметкерлері кіреді, бұл еңбек жағдайларын бағалауға, еңбек заңнамасының нормаларын сақтауға, сондай-ақ қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға кешенді және объективті көзқарасты қамтамасыз етеді.

Тексеру нәтижелері бойынша қорытындылар шығарылады, объектілердің жазғы кезеңге дайындық деңгейі анықталады. Есептер қалыптастырылады, сондай-ақ анықталған ескертулерді, кемшіліктерді жою және Магистральдық желі жұмысының сенімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді. Бұдан басқа, қауіпсіздікті, техникалық жарақтандыруды және еңбекті ұйымдастыруды қамтамасыз етуде жақсы нәтижелер көрсеткен үздік станция, кәсіпорын және бөлімше айтылады.

Көктемгі тексеру Достық станциясынан басталады, барлық станциялар мен разъездерде өтеді және 16 мамырда Отар – Алматы учаскесінде аяқталады.

Поделиться:
Популярные новости
23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

24 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

8 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер