Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Достық - Мойынтының тағы бір учаскесінде екінші жол бойынша пойыздар қозғалысы ашылды
375 / 14.03.2025 17:06

Достық - Мойынтының тағы бір учаскесінде екінші жол бойынша пойыздар қозғалысы ашылды

"Қазақстан темір жолы" Достық – Мойынты теміржол желісін кеңейту жөніндегі ауқымды жоба шеңберінде Бескөл және Достық станциялары арасында жаңа екінші жол бойынша қозғалысты ашты. Бұл осы магистральдағы пайдалануға дайын екінші екі жолды учаске. Ағымдағы жылдың қаңтар айында Мойынтыдан Балқашқа дейін (127 км) екінші жолдар бойынша қозғалыс басталған еді.

Құрылыс барысында Бескөлден Достыққа дейін 155 км рельс-шпалдық тор және 106 бағыттамалық бұрма жинағы төселді, 26 көпір салынды және 29 жаңа құбыр орнатылды. Бескөл, Жаланашкөл, Ақши, Көктұма станциялары, Жайпақ, 16 және 19 разъездері жаңғыртылды. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау, байланыс және энергиямен жабдықтау құрылғылары қосылған. Қозғалыс қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін отандық өндірістің микропроцессорлық жүйесі сәтті енгізілді. 

ҚТЖ ағымдағы жылдың маусым айында Достықтан Мойынтыға дейінгі ұзындығы 836 км екінші жолдар бойынша қозғалысты толық ашуды жоспарлап отыр. Бұл теміржол желісінің ең көп жүретін магистральдарының бірінің өткізу қабілетін бес есеге арттырады.

Поделиться:
Популярные новости
13 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

25 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

29 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер