Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қаңтар айында ҚТЖ желісінде тиеу көлемі 7,3% - ға өсті
617 / 11.02.2025 13:29

Қаңтар айында ҚТЖ желісінде тиеу көлемі 7,3% - ға өсті

2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ҚТЖ желісінде тиеу көлемі 7,3% ұлғайып, 21,7 млн тоннаны құрады. Экспорттық тасымалдау көлемі 8 млн тоннаға жетті, бұл өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 13,4% артық. Ішкі тасымалдар да 4% өсіп, 13,7 млн тоннаны құрады.

Тас көмір тасымалдау 5,2%, яғни 9,5 млн тоннаға дейін өсті. Ел бойынша қатты отын тасымалдау 2,4%, яғни 6,7 млн тоннаға дейін өсті, ал экспорт 12,7% , яғни 2,7 млн тоннаға дейін өсті.

Астық тасымалы 35% өсіп, 1 млн тоннадан асты. Экспорт 35%-ға, ал ішкі тасымалдар 33%-ға өсті. Ұнтақ өнімдерін тасымалдау 13,8% , яғни 231 мың тоннаға дейін өсті.

Сондай-ақ, 2025 жылғы қаңтарда мұнай жүктерін тасымалдау 4%, яғни 1,7 млн тоннаға дейін, қара металдар 10,6%, 364 мың тоннаға дейін, химиялық тыңайтқыштар 18%, 445 мың тоннаға дейін, темір кені мен марганец 7,8%, 1,6 млн тоннаға дейін өсуі байқалады. Құрылыс жүктерін тасымалдау 9,3% өсіп, 777 мың тоннаны құрады.

Поделиться:
Популярные новости
30 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

475 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер