Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ко�...
2025 жылғы 30 қаңтарда Тараз қаласында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің локомотив шаруашылығы жөніндегі Бас директордың орынбасары Умбетов А. И. төрағалығымен кеңес өтті. Жиынға Жамбыл облысының құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, теміржол саласындағы экономикалық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау мен алдын алу мәселелері талқыланды.
Кеңеске Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары атынан Жамбыл көлік прокуроры – Әділбаев А.Ә., Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары – Сатыбалдиев Р.Н., Жамбыл облысы бойынша Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция басқармасының басшысы – Бақытхожаев Е.Ж. және Тараз станциясының желілік полиция бөлімшесінің бастығы – Родякин О.Г. қатысты.
Кездесу барысында саладағы ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етудің негізгі аспектілері жан-жақты қарастырылды. Қатысушылар қазіргі сын-қатерлерді талқылап, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары мен тетіктері туралы ақпарат алмасты, сондай-ақ әрі қарайғы өзара іс-қимыл жолдарын айқындады.
Ерекше назар бақылауды күшейту, алдын алу шараларын жүзеге асыру және теміржол кәсіпорындары мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мәселелеріне бөлінді. Кеңес қорытындысы бойынша осы бағыттар бойынша ынтымақтастықты әрі қарай дамыту және күш-жігерді үйлестіру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.
Теміржол саласы ел экономикасында маңызды рөл атқарады, әрі оның тұрақты және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі болып табылады. Өткен кеңес құқықтық тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау жолындағы маңызды қадам болды.
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...