Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қазақстанда биылғы астықты тасымалдаудың ең жоғары маусымы қызу жүріп жатыр
283 / 28.11.2024 11:29

Қазақстанда биылғы астықты тасымалдаудың ең жоғары маусымы қызу жүріп жатыр

Қараша айының 26 күнінде ҚТЖ желісі бойынша 1 млн тоннадан астам астық жөнелтілді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56% артық. Жалпы көлемнің 259 мың тоннасы ішкі нарыққа, 750 мың тоннасы экспортқа жөнелтілді. Ел бойынша тасымалдау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 27%, экспорт 69% ұлғайды.

Қарашаның соңғы аптасында жүк жөнелтушілер дәстүрлі түрде биылғы астықты жөнелтуді күшейтеді. Қараша айының қорытындысы бойынша тиеу көлемінің едәуір ұлғаюы күтілуде. Айдың соңына қарай 1,3 млн тонна астық жөнелтіледі деп болжануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 41% артық. Осы көлемнің 900 мың тоннадан астамы экспортқа бағытталатын болады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштерден 35% артық. Әсіресе Орталық Азия елдеріне жеткізуде айтарлықтай өсім байқалды — 516 мың тонна (+27%), Ауғанстанға — 66 мың тонна (+62%), сондай — ақ Ақтау порты арқылы Иранға 81 мың тонна жеткізілсе,  бұл өткен жыл деңгейінен он есеге көп. Сонымен қатар, Ресейге тасымалдау алты есеге артып, 135 мың тоннаны құрады, оның ішінде Ресей порттары мен Балтық порттары арқылы 45 мың тонна, сондай — ақ Әзірбайжан нарығына 68 мың тонна, 2023 жылдың қарашасында бұнда жөнелтілімдер болған жоқ.

Қазақстанның ішкі нарығында астық тасымалдау көлемі шамамен 350 мың тоннаны құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 38% артық. Бұл ҚР Үкіметінің тапсырмаларына сәйкес элеваторларды босату үшін астықты ел ішінде орнын ауыстыру қажеттілігіне байланысты.

Бүгінгі таңда астық тасымалдаушылар паркінде 12 616 бірлік бар және жөнелтушілердің барлық өтінімдері толық көлемде өңделуде. ҚТЖ жаңа егіннің астық жүктерін тасымалдауға ерекше бақылауды жүзеге асырады.
Поделиться:
Популярные новости
35 / 15.01.2025

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жаңа қызметкерлер үшін Welcome-тренинг өткізді

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған Welcome-тренинг сәтті өтті. Бұл тренинг жаңа қызметкерлердің ұжымғ...

499 / 30.12.2024

Мойынты - Балқаш учаскесіндегі қозғалыс бойынша ақпарат

Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. 2025 жылғы қаңтар айының үшінші онкүндігінде Мойынты ...

567 / 27.12.2024

Желтоқсан айында биылғы астықтың кезекті миллионы жөнелтілді

27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер