Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«Тіл - мемлекеттіліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
734 / 04.12.2024 13:02

«Тіл - мемлекеттіліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында «Тіл - мемлекеттіліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских, Компанияның басшылары мен қызметкерлері қатысты.

  Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты - мемлекеттік тілді дамыту мен оны ілгерілету бойынша өзекті мәселелерді талқылау, мемлекеттік тілдің ұлт бірлігін нығайтудағы рөлі мен маңызын насихаттау және қызметкерлер арасында қолданыс аясын кеңейту.

   Іс-шараны «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Владимир Бабиченко кіріспе сөзбен ашып, өзі күніне кемінде он сөз үйренетіндігін үлгі ретінде айтып, мемлекеттік тілге ерекше құрметін сездірді. Депутат Геннадий Шиповских қарапайым теміржолшы бола жүріп, мемлекеттік тілді білуінің арқасында зор жетістікке жетуге болатынын, Компания қызметкерлері Константин Цой мен Ксения Гартман мемлекеттік тілді жетік меңгергендерін, тіл үйренудегі тәжірибелерімен бөлісіп, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері Ақмарал Байғабылова мен Ербол Тоқтағазы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудегі мәселелер мен кедергілер және оларды шешу жолдары жөнінде ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

  Кеш көрігін күмбірлеген күйдің үні аша түсіп, көрермендер арасында Отан және теміржол тарихына қатысты қазақша «QUIZ»зияткерлік ойынымен қорытындыланды.
Поделиться:
Популярные новости
23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

24 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

11 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер