ҚТЖ: астық жүктерін тасымалдау толық көлемде орындалады
"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да астық, ұнтақ өнімдері сияқты әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау мәселелері ерекше бақылауда.
Астық пен ұнтақ өнімдерін тасымалдауды күн сайын ҚТЖ жедел астық штабы үйлестіреді. Мүдделі мемлекеттік органдармен және жүк жөнелтушілермен бірлесіп тұрақты кеңестер өткізіледі. Ақмола және Қостанай жүк тасымалдау бөлімшелерінде вагондарды уақтылы қабылдау және ресімдеу үшін жедел астық топтарының тәулік бойғы жұмысы ұйымдастырылған.
Астық жүктерін үздіксіз тасымалдауды ұйымдастыру бойынша ұйымдастырушылық және технологиялық шаралар қабылдануда. Жаңа егіннің астығын тиімді және жеделдетіп жөнелту үшін ҚТЖ маршруттық пойыздарды қалыптастырады және жөнелтеді. Жүк жөнелтушілер біркелкі тиеуді және вагон айналымын сақтауды қамтамасыз еткен кезде жаңа егін қолда бар астық тасығыштармен, жабық вагондар паркімен-ақ әкетілетін болады. Еуропалық бағытта экспортты қамтамасыз ету үшін ҚТЖ Ресей Федерациясынан астық тасымалдаушылардың қосымша паркін тартады.
Қыркүйек-қазан айларында және қарашаның 10 күнінде ҚТЖ желісі бойынша жаңа егіннің астығын тасымалдау 43%-ке өсіп, 2,5 млн тоннадан асты.
Ел ішінде астық жөнелтілімдері 20% -ке, 534 мың тоннаға дейін өсті. Экспорт 50% -ке, 2 млн тоннаға дейін артты. Жаңа егіннің астығын дәстүрлі Орталық Азия нарықтарына жөнелту 37% -ке артып, 1,2 млн тоннадан асты. Ақтау порты арқылы Иран бағытында ҚТЖ желісі бойынша астық тасымалдау 30 есеге өсті. Ауғанстанға астық экспорты 64% - ға өсті