Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қазақстандық фермерлер биылғы астықтың екінші миллион тоннасын тиеді
852 / 31.10.2024 12:20

Қазақстандық фермерлер биылғы астықтың екінші миллион тоннасын тиеді

Қыркүйек-қазан айларында жаңа егінді тасымалдау 2,2 млн тоннадан асты, оның 1,8 млн тоннасы экспортқа жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30% жоғары.

Ресейге тасымалдау шектеусіз жүруде. Ресей Федерациясына 2 айда экспорт 23,4 мың тоннаны құрады; Ресей Федерациясы арқылы транзитпен - 113 мың тонна.

Ақтау порты арқылы Иран бағытына жөнелту 2 айда 250 мың тоннадан асты.

Орталық Азияның дәстүрлі нарықтарында жаңа егінді тасымалдау өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі астық тасымалдарымен салыстырғанда 30% астамға ұлғайды және 1 млн тоннадан асты.

Қытайға астық жүктерінің экспорты шектеу бағыты болып қала береді. 2 айда фитосанитариялық, карантиндік сертификаттар мен кедендік декларациялар бойынша 360 астам вагон немесе 25 мың тонна қайтарылды.

ҚХР-дағы "ҚТЖ" ҰК" АҚ өкілдігінің ақпараты бойынша, ҚХР Бас кеден басқармасы контейнерлерде астық жүктерін әкелу бойынша шекараларда бақылауды күшейтті.

Контейнерлерді тексеру уақыты 5 тәуліктен 10 тәулікке дейін ұзартылды.

Кедендік тексеруді күтуде Қорғас станциясының Қытай жағында бір ғана МАТП-да 2500 астам контейнер жиналып қалды.

ҚХР-да пойыздарды қабылдаудың шектелуіне байланысты ҚР бойынша астық контейнерлік құрамдардың жиналуы жүріп жатыр, осыған байланысты қазіргі уақытта Компания астық жүктерін контейнерлерде тиеуді реттеуге мәжбүр.

ҚХР бағытында Қостанай өңірінен контейнерлерді тиеу мәселесін қарау үшін жедел штабтың басшысы ағымдағы жылдың 1 қарашасында Қостанай қаласында уәкілетті органдар мен ұлттық кәсіпкерлер палатасының шақыруымен экспорттаушылармен бетпе-бет кездесу өткізетін болады.
Поделиться:
Популярные новости
5 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

25 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер