Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Ақмола бөлімшесінде астықты жөнелтудің барлық мәселелері жедел шешімін табуда
618 / 04.10.2024 12:43

Ақмола бөлімшесінде астықты жөнелтудің барлық мәселелері жедел шешімін табуда

Ағымдағы жыл қыркүйек айының қорытындысы бойынша  Ақмола ЖТ бөлімшесі бойынша астық тиеу 419,6 мың тоннаны құрады. Астықтың шамамен 84% Орталық Азия, Иран, КХР және Ауғанстан елдеріне, 16,3% астамы елдің оңтүстік өңірлеріне жөнелтілді. 85 астық маршруттық пойыз құрылып жөнелтілді, оның ішінде 83 құрам экспортқа бағытталды.

Астық жабық вагондарда, астық тасушылармен жеткізілді. Жүк жөнелтушілердің вагондарға деген өтінімдері толық көлемде қамтамасыз етілді.

Ақмола ЖТ бөлімшесінде жедел астық топтарының тәулік бойы жұмысы ұйымдастырылды. Астық штабының отырыстары күн сайын барлық қатысушылармен және жергілікті атқарушы органдармен өткізіледі, онда жүк жөнелтушілер мен алушылардың астығын тиеп жөнелту бойынша туындайтын барлық мәселелер жедел тәртіппен шешіледі.

«ҚТЖ Жүк тасымалы» баспасөз қызметі
Поделиться:
Популярные новости
102 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

640 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер