Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қазақстанда көліктік-логистикалық құзыреттілікті дамыту
696 / 11.04.2024 15:24

Қазақстанда көліктік-логистикалық құзыреттілікті дамыту

Мемлекет Басшысының бастамасымен жүзеге асырылған сыртқы және ішкі терминалдық желілерді дамыту бағдарламасы аясында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС көліктік-логистикалық құзыретті нығайту және елімізді транзиттік хаб ретінде жайғастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

2004 жылдың 23 шілдесіндегі №283-1 «Теміржол станцияларын ашу және жабу ережелері» Бұйрығына сәйкес ауыр тонналы контейнерлермен (АТК) жұмыс істеуге арналған станцияларды ашу және жабудың жалпы тәртібі белгіленді. Осыған байланысты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС техникалық талаптарды, құрылыс стандарттарын, сондай-ақ АТК-мен тиімді жұмысты қамтамасыз ету үшін контейнерлік алаңдарды жобалау ережелерін белсенді түрде әзірлеуде.

2021 жылдан бастап «Клиентке бағдарлану» бағдарламасы аясында жүк операцияларын жүзеге асыратын барлық станцияларда контейнерлерде жүктерді қабылдауға және беруге рұқсат енгізілді. Алайда, мұндай тәсіл станциялар арасында контейнерлердің ретсіз қозғалысына әкеліп соқтырды, бұл өз кезегінде контейнерлерге зақым келтіріп, контейнер мен вагон иелерінің шағымдарын туғызды.

Ахуалды жақсарту мақсатында 2023 жылдың 6 қазанынан бастап «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры В.В. Петровтың «Контейнерлерді техникалық байқаудан өткізу және беру жөніндегі уақытша нұсқаулықты бекіту туралы» №115-ГП Бұйрығы шығарылды. Бұл жүк вагондарынан контейнерлердің құлау оқиғаларын азайту арқылы қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай жақсартты.

Сонымен қатар, бірыңғай тексеру актісін әзірлеумен контейнерлерді тексеру технологиясын жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда. Бұл тәсіл бір айға дейінгі мерзімге кепілдік беруге мүмкіндік береді, ал ол жүк жөнелтушілер үшін процесті айтарлықтай жеңілдетеді және жүк операцияларына байланысты тоқтап қалуды болдырмайды.

Аталған норма енгізілгеннен бергі алты айдың қорытындысы бойынша тасымалдаушымен жүк тасымалдауда контейнерлердің құлауы бойынша оқиғалар немесе құқық бұзушылықтар тіркемеген.

 «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС контейнерлік транзитпен тиімді және қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында еліміздегі көлік-логистикалық процестерді жетілдіру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.

Поделиться:
Популярные новости
35 / 27.12.2024

Желтоқсан айында биылғы астықтың кезекті миллионы жөнелтілді

27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...

142 / 25.12.2024

Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту

Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...

93 / 25.12.2024

Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінде қара метал тиеу 39% өсті

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің желісі бойынша қара металдарды тиеу көлемі 2,9 млн тоннаны құрас...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер