Қызылорда теміржолшылары жаңа жүктерді тасымалдауды игерді
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнына...
Бүгін Астанада Достастыққа мүше мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің Вагон шаруашылығы комиссиясының 77-ші отырысы басталды. Іс-шара Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Грузия, Эстония теміржол әкімшіліктерінің Вагон шаруашылығы комиссиясының өкілдерінің, сондай-ақ ТМД елдерінің Теміржол көлігі кеңесі дирекциясының, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, вагон жасау және вагон жөндеу кәсіпорындарының өкілдерінің, жылжымалы құрам иелері мен теміржол көлігі операторларының басын қосты.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры (Басқарма төрағасы) Владимир Викторович Петров құттықтау сөзінде теміржол саласын тиімді дамыту үшін бірлескен күш-жігердің маңыздылығын және үздіксіз тәжірибе мен пікір алмасу қажеттігін атап өтті.
Отырыста жүк вагондарының үлгілеріне қатысты анықтамалықтар мен классификаторларға өзгерістер енгізу, вагонмен қосымша жұмыстардың шартты кодтары, сондай-ақ жүк вагондарын күрделі жөндеу мен диагностикадан өткізудің техникалық шарттарына қатысты маңызды мәселелер, сондай-ақ Вагон шаруашылығы комиссиясы қызметінің басқа да аспектілері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша қорытындылар хаттамаланып, Вагон шаруашылығы комиссиясының кезекті отырысын өткізу күні туралы шешім қабылданды.
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнынан алынған темір кенінің жаңа түрін тасымалдау басталды. Соңғы екі ...
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-де теміржол саласының Әйелдер кеңесінің бірінші отырысы өтті. Кеңес тәжірибе алмасу, қолдау және компания қызметкер...
Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында ҚТЖ желісіне 236 млн тоннадан астам жүк тиелді. Ел ішінде 154 миллион тоннадан астам жүк тасымалданды,...