Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
483 / 21.02.2024 14:28

Жетістікке қадам: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нен вагон шаруашылығын техникалық байқау пунктінің басшыларына арналған даму бағдарламасы.

Жетістікке қадам: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нен вагон шаруашылығын техникалық байқау пунктінің басшыларына арналған даму бағдарламасы.
Бағдарлама қатысушылардың кәсіби дағдылары мен құзыреттерін арттыруға бағытталған оқу іс-шараларының кешені болып табылады. Ол басқарудың әртүрлі аспектілерін, техникалық аспектілерді және кәсіптік қызметке қойылатын талаптарды қамтиды.
Бірқатар оффлайн іс-шаралардан тұратын бағдарламаның бірінші модулі 2024 жылдың 21-23 ақпаны аралығында Астанада өтеді. Іс-шаралар бағдарламасында:
  - Вагондардың пайдаланылу кезіндегі тораптары мен бөлшектеріне қойылатын техникалық талаптарды оқыту;
- Инновациялық вагонның құрылмасын зерттеу;
- Stadler, ЛҚЗ және ЭҚЗ зауыттарына экскурсиялар өткізу;
- Команданы басқару, этика және мінез-құлық кодексі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинарлар.
Онлайн іс-шараларды қамтитын екінші модуль 2024 жылдың 27 ақпаны мен 19 наурызы аралығында өтеді. Аталмыш модуль эмоционалдық интеллект, стресске төзімділік, ESG және корпоративтік мәдениет, сондай-ақ цифрлық дағдылар бойынша оқытуды қамтиды.
Үшінші модуль 2024 жылдың 28-29 наурызы аралығында офлайн түрде өтеді және тиімді коммуникациялар, үнемді өндіріс бойынша оқытуды, сондай-ақ VR технологияларының (Кейстерді командалық шешу (Хакатон)) демонстрацияларын қамтиды.
Бағдарлама қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы жұмыстарды жетілдіру, инновациялық жүк вагондарын пайдалану тиімділігі мәселелері және вагон шаруашыдығы қызметкерлерін оқытуды ұйымдастырудағы жаңа тәсілдер талқыланатын панельдік сессиямен аяқталады.  

Бағдарламаның жабылуы 2024 жылдың 29 наурызына жоспарланған.

Поделиться:
Популярные новости
16 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

18 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

67 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер