Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
571 / 27.02.2024 14:02

Клиенттерге арналған хабарландыру

Құрметті резидент емес клиенттер, Сіздерге осымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасындағы экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 48-тармағын басшылыққа ала отырып, мынаны хабарлаймыз: «Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден шығару үшін мыналар негіз болып табылады:

- тараптардың экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша міндеттемелерін толық орындауы немесе бейрезиденттің не резиденттің баламасы 50 000 (елу мың) АҚШ долларынан аспайтын берешек қалдығының болуы, бас тарту төлемі төленген, есепке алынған, борышкер мен кредитор бір тұлға болған, орындау мүмкін болмаған, мемлекеттік органның актісі шығарылған жағдайларда, экспорттаушының немесе импорттаушының экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тараптар міндеттемелерінің тоқтатылуы туралы жазбаша растауы және растайтын құжаттар болған кезде міндеттемелердің тоқтатылуы».

Осыған байланысты, валюталық шарттарды Банктерден есептік тіркеуден шығару, сондай-ақ ақша қаражатын кедергісіз есепке алу үшін Сіздерден есепті кезең аяқталғаннан кейін ай сайын орындалған жұмыстар туралы қол қойылған актілерді электронды түрде «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалдарының Есеп айырысу орталықтарына ұсынуды сұраймыз.

Поделиться:
Популярные новости
20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

2 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер