«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС ғимараттары мен құрылыстарын ағымдағы жөндеу жоспары 90% орындалды
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-ның 422 өндірістік ...
2023 жылғы 13 қарашада Достық шекаралық өткелі арқылы Алашаңқай станциясына (ҚХР) салмағы 3700 тонна қазақстандық жүктер құрамы берілді. Осылайша, ҚХР-ға экспорттық жүктерді беру жөніндегі 2023 жылға арналған Теміржол ынтымақтастығы ұйымының (ТЖЫҰ) кеңесінде келісілген жоспар мерзімінен бұрын орындалды. Жыл басынан бері Достық станциясы арқылы ҚХР-ға 10 млн астам экспорттық жүк берілді. Экспортқа астық, көмір, кен, май, түйіршіктер, концентрат, мыс, калий, кокс, мырыш, феррохром, ферроқорытпа және басқалары артылды.
Екі ел теміржолшыларының бірлескен күш-жігері мен үйлесімді жұмысының арқасында Достық станциясының 30 жылдық тарихында алғаш рет ҚХР-ға экспорттық жүктерді беру жөніндегі стратегиялық көрсеткіштер қарашаның екінші онкүндігінің басында орындалды.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-ның 422 өндірістік нысанында ағымдағы жөндеу жұмыстары а...
Ағымдағы жылдың 13-18 қараша аралығында Алашаңқай шекаралық станцияда (Қ...