Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Алматы бөлімшесінде үздік тауар кассирлері таңдалды
820 / 06.11.2023 00:00

Алматы бөлімшесінде үздік тауар кассирлері таңдалды

Алматы жүк тасымалдау бөлімінде «Үздік тауар кассирі» атағына конкурс болып өтті. Конкурс мақсаты жүк тасымалы саласында темір жол клиенттерімен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру. Тауар кассирлері төлемдердің уақтылы есептелуін қамтамасыз етіп, жүктерді қабылдау, тиеу және беру, сондай-ақ оларды қайта жіберу жөніндегі құжаттарды тексереді және ресімдейді.

Үздік кәсіпқой атағы үшін Достық, Алтынкөл, Алматы, Талдықорған, Текелі, Қарабұлақ, Үштөбе, Ақтоғай, Бескөл, Матай, Қапшағай, Іле, Жетіген, Малай-Сары, Сарыөзек, Тентек, Байсерке, Шелек, Бұрундай, Отар, Жетісу, Медеу, Шамалған, Ақсенгір және Қайрат станцияларының тауар кассирлері бақ сынасты. Байқауда үздіктердің үздіктері жеңіске жетті.

Үздік маман ретінде Достық станциясының тауарлық кеңсе бастығы Салтанат Жәкенова танылды. Бұл қызметте ол 20 жылдан астам жұмыс істейді, «Үздік маман» атағына да ие. Үздіктер арасында Алтынкөл станциясының аға тауар кассирі Арай Төлегенова да бар, мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 17 жыл. Талдықорған станциясының аға тауар кассирі Лариса Бондаренко бай өмірлік  тәжірибе мен нормативтік базаны жақсы білетіндігін көрсетті. 33 жылдан астам жұмыс тәжірибесі мен кәсібилігі оның мамандығы бойынша үздіктер қатарында  болуына алып келді. Осы мамандық бойынша 17 жыл жұмыс істеген Іле станциясының тауар кассирі Айжан Сапарғалиева кәсіби білімін, дағдыларын, креативтілігі мен ойлау логикасын көрсетті.

Поделиться:
Популярные новости
11 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

13 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

59 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер