Достық - Мойынты учаскесінде екінші жолдардың ауқымды құрылысы жоғары қарқынмен жалғасуда
Жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылғы 29 қыркүйекте Мойынты станциясы мен бөлек пу...
«ҚТЖ» ҰК» АҚ желісіне ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында тиеу өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 2,1 млн тоннаға өсіп, 213,8 млн тоннаны құрады.
Республика бойынша теміржол көлігімен 138 млн тоннадан астамы тасымалданды. Экспорт 7,1%-ке, 75,7 млн тоннаға дейін өсті.
Есепті кезеңде 87,3 млн тоннадан астам тас көмір тиелді. Оның ішінде республика ішінде – 61,2 млн тонна.
Астық 9,5 млн тонна тасымалданды, бұл өткен жылдан 1,2% жоғары, оның ішінде экспортқа – 7,7 млн тоннасы жөнелтілді. Ұнтақ өнімдерінің 2,5 млн тоннасы тиелсе (+6,4%), оның ішінде экспортқа – 1,9 млн тонна (+9,5%).
10 айда химиялық тыңайтқыштарды тиеу 5% (3,4 млн тоннаға дейін), темір рудасын 5,6% (17,3 млн тоннаға дейін), құрылыс жүктерін 6% (14,4 млн тоннаға дейін) жақсарды. Республика бойынша құрылыс жүктерін тиеу 10 есеге артты.
Қазан айында тиеу 23 миллион тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6% көп. Тас көмірдің тиелген көлемі 9,7 млн тонна (+5%). Оның ішінде республикалық қатынаста – 6,8 млн тонна, өсім 4%. құрады. Экспортқа 2,8 млн тонна қатты отын жөнелтілді (+8%). Биылғы астықты тиеу 900 мың тоннадан асты. Оның ішінде экспортқа – 670 мың тоннадан астамы. Ұнтақ өнімдерін тасымалдау 8% артып, 338 мың тоннаға дейін жетті. Оның ішінде республика бойынша 70%, 112 мың тоннаға дейін өсті.
Өткен айда темір жол арқылы жөнелту өсімі қара металдарды 4% (385 мың тоннаға дейін), темір кенін 30% (2 млн тоннаға дейін), түсті кенді 9% (2 млн тоннаға дейін), құрылыс жүктерін 25% (1,7 млн тоннаға дейін) деңгейінде сақталды.
Ағымдағы жылдың 10 айында пайдалану жүк айналымы 7,2% өсіп, 224,2 млрд т-км неттоны құрады.
Жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылғы 29 қыркүйекте Мойынты станциясы мен бөлек пункттерді жаңғыртумен жұмыс істеп тұрған және жаңа магистральдың ір...
«ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру ша...
ҚТЖ-да биылғы астық пен жылыту маусымына көмір тасымалдауға дайындық бойынша брифинг болып өтті. Астық тасымалдау 2024 жылдың жеті айында ...