Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
570 / 02.11.2023 00:00

Қазақстан мен ҚХР Темір жол ынтымақтастығы ұйымының Жоспарын мерзімінен бұрын орындауды жоспарлап отыр

Бейнеконференция форматында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС және «Үрімші темір жолы» ЖШҚ өкілдерінің Қазақстан мен Қытайдың шекаралық теміржол өткелдері арқылы пойыздарды кедергісіз қабылдау/беруді қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесуі болып өтті.

 Қазақстандық делегацияны Бас директордың маркетинг және жоспарлау жөніндегі орынбасары Нұржан Келбұғанов, Қытай делегациясын халықаралық тасымалдау департаменті бастығының орынбасары Бай Лу басқарды. Келіссөздер ірі қазақстандық және қытайлық жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардың қатысуымен өтті.

Тараптар екі ел теміржолшыларының бірлескен күш - жігері мен үйлесімді жұмысының арқасында ағымдағы жылдың 10 айында тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22% өсіп, рекордтық көрсеткішке 23,6 млн тоннаға жеткенін атап өтті. Оның ішінде, ҚР-дан ҚХР-ға 14,5 млн тонна берілді, өсім 32%, кері - 9,1 млн тонна (+8%).

2023 жылға арналған Темір жол ынтымақтастығы ұйымының (ТЖЫҰ) кеңесінде келісілген 26,1 млн тонна мөлшеріндегі жоспар желтоқсан айының басында мерзімінен бұрын орындалады деп күтілуде. Жалпы, тасымалдау көлемінің жылдық орындалуы 26,8 млн тонна деңгейінде болжанады.

2024 жылға тасымалдау көлемі 27,8 млн тонна жүк деңгейінде жоспарланған, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1 млн тоннаға артық.

Поделиться:
Популярные новости
124 / 13.09.2024

Достық - Мойынты учаскесінде екінші жолдардың ауқымды құрылысы жоғары қарқынмен жалғасуда

Жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылғы 29 қыркүйекте Мойынты станциясы мен бөлек пункттерді жаңғыртумен жұмыс істеп тұрған және жаңа магистральдың ір...

296 / 06.09.2024

ҚТЖ бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

         «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру ша...

623 / 27.08.2024

ҚТЖ биылғы астықты және жылыту маусымына көмір тасымалдауға дайын

ҚТЖ-да биылғы астық пен жылыту маусымына көмір тасымалдауға дайындық бойынша брифинг болып өтті. Астық тасымалдау 2024 жылдың жеті айында ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер