Соңғы 5 жылда ұнтақ өнімдерін тиеудің тарихи рекордына қол жеткізілді
Ағымдағы жылдың 10 айында ұнтақ өнімдерін тасымалдау соңғы 5 жылдағы жылдық кө...
Ағымдағы жылдың қазан айында теміржол көлігімен негізгі жоспармен 1,3 млн тонна астық тасымалдау жоспарланған болатын. Алайда жүк жөнелтушілер тасымалдауға тек 900 мың тоннадан астам астық ұсынды, бұл мәлімделген көлемнің 69% құрайды.
Жүк жөнелтушілер вагондармен 100% қамтамасыз етілген. Қазан айында күн сайын астық жүктерін тиеуге 630 астам вагон ұсынылды. Жөнелтушілер 410 вагоннан аспайтын жүк тиеді. Қалған вагондар тиеуді күтіп, кіреберіс жолдарында болды. Ұлттық тасымалдаушыға белгісіз себептермен тиеу қамтамасыз етілмеді.
Жүк жөнелтушілермен белсенді жұмыс жүргізіліп, бірлескен кеңестер өтіп, салалық қауымдастықтармен диалог жолға қойылды. Жүк жөнелтушілердің астық тиеулерін жандандыру қажеттілігі туралы ҚТЖ астық штабының отырыстарында темір жолдың өңірлік басшыларын қосумен айтылып келеді.
Астық штабы астық жүктерін тасымалдау бойынша жоспарлы көрсеткіштерді орындау бойынша барлық қажетті шаралар қабылдауда.
Ағымдағы жылдың 10 айында ұнтақ өнімдерін тасымалдау соңғы 5 жылдағы жылдық көрсеткіштерден асып, өткен жылмен салыстырғанда 11% өсіммен 2,9...
ҚТЖ-да Ауғанстанға астық өнімдерін тасымалдау мәселесі бойынша жүк жөнелтушілермен, Бейнеу элеваторымен келіссөздер жүргізілді. Кезде...
Қыркүйек-қазан айларында жаңа егінді тасымалдау 2,2 млн тоннадан асты, оның 1,8 млн тоннасы экспортқа жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі...