Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
584 / 30.10.2023 00:00

2024 жылға ТМД елдері темір жолдарының халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдауға арналған тарифтік саясаты қабылданды

Минск қаласында (Беларусь Республикасы) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің Тарифтік келісіміне қатысушы теміржол әкімшіліктерінің ХХХІІ тарифтік конференциясы болып өтті.

e4e756a0-f95e-404d-8021-a4c7b698f0d6.jpg

Конференция жұмысына Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан  елдерінің он теміржол әкімшіліктерінің, сондай - ақ Достастыққа қатысушы мемлекеттер Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің өкілдері қатысты.

ХХХІІ Тарифтік конференциясы Тарифтік келісімнің 30 жылдығына орай өткізілді.

 1993 жылы осы құжатқа қол қоя отырып, теміржол әкімшіліктері бірыңғай қағидаттар негізінде әзірленетін Үйлестірілген тарифтік саясатты қолдануға келісті.

Тәжірибе көрсеткендей, оны қолдану халықаралық қатынастарда теміржол көлігімен жүктерді тасымалдаудың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, ал теміржол әкімшіліктері экономикалық және геосаяси көлік нарығының барлық өзгерістеріне уақтылы және барабар жауап беріп отырды.

Конференцияда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің 2024 фрахталық жылға халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдауға арналған Теміржол тарифтік саясаты қабылданды.

Тарифтік саясат істерін басқарудың 2024 жылға арналған функциялары Қазақстан Республикасының теміржол әкімшілігіне жүктелген

 2aa2fe36-0ca8-401b-9460-e284341d602a.jpg

e97b98ed-d956-4b5c-a563-bca380de6957.jpg


 

Поделиться:
Популярные новости
27 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

472 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер