Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
535 / 29.10.2023 12:28

ҚТЖ әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларын жеткізуді реттейді

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-да ел ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (астық, ұнтақ өнімдері, қант, май, көкөністер және т.б.) жеткізуді жедел реттеу бойынша кезекті селекторлық кеңес болып өтті. Оған ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, әкімдіктер, салалық қауымдастықтар, өңірлердің ұн тарту операторлары қатысты.

Кеңеске қатысушылар ішкі нарықты автомобиль және темір жол көліктерімен жеткізілетін азық-түлік тауарларының қажетті көлемімен қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

 Қазіргі уақытта өнімдерді темір жол көлігімен жеткізуде проблемалар жоқ. Жүк жөнелтушілердің азық-түлік тауарларын темір жолмен тасымалдаудың барлық өтінімдері жедел және толық көлемде өнделуде. Бос вагондарды қамтамасыз ету мәселелері жоқ, сонымен қатар Қостанай станциясында жылжымалы құрамның профициті байқалуда.

Мұндай кездесулерде қолмен реттеу режимінде жүкті тиеу және қабылдау бойынша күнделікті салыстыру жүргізіледі, вагондардың ілгерілеуіне бақылау жасалады, туындаған мәселелер жедел шешіледі.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
18 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

68 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер