Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚТЖ-да рационализаторлықты дамытудың жаңа тетіктері ұсынылды
518 / 26.10.2023 00:00

ҚТЖ-да рационализаторлықты дамытудың жаңа тетіктері ұсынылды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» филиалы базасында Республика күні қарсаңында «Жаңашылдық - өсу перспективалары» тақырыбында рационализаторлар кеңесі болып өтті. Оның қорытындысы бойынша – «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Қамқор вагон» ЖШС және «Қамқор локомотив» ЖШС арасында рационализаторлық қызмет саласында даму және тәжірибе алмасу мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойылды.

Іс-шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің, еншілес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғылым, білім беру, конструкторлық-сынақтық орталықтары мен жөндеу ұйымдарының өкілдері қатысты.

 Айта кетейік, 24 қазан күні «Кітапхана қызметкері күні» кәсіби мерекесі атап өтілді, сондықтан «Кітап - жаңашыл идеяларға жолсерік» кітап көрмесіне ерекше назар аударылды. Орталық аппараттың ғылыми-техникалық кітапханасының жаңартылған кітап қоры ұсынылды.

Кеңесте ұсынылған баяндамаларда компаниядағы рационализаторлық қызметті ұйымдастыруға және оны дамытудың жаңа тетіктеріне назар аударылып, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етудегі, заманауи ақпараттық-талдамалық материалмен қамтамасыз етудегі жаңашылдықтың маңыздылығы атап өтілді.

Конструкторлық орталықтарды дамытуға, көлік-логистика және телекоммуникация салалары үшін ғылыми кадрлар даярлауға ерекше назар аударылды.

  Қорытындыда «Теміржол автоматикасы мен телемеханика жүйелері мен құрылғыларының сенімділігін арттыру», «Электрмен жабдықтау құрылғыларының сенімділігін арттыру», «Жүк вагондарын жөндеу технологиясын жетілдіру», «Тасымалдау процесінің технологиясын жетілдіру» номинациялары бойынша «Үздік рационализаторлық шешім» байқауының қорытындылары шығарылып, жүлдегерлері марапатталды.

Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе және Атырау магистральдық желісінің ғылыми-техникалық ақпарат орталықтарының бастықтары көп жылғы адал еңбегі және рационализаторлық, ақпараттық-талдау және кітапхана қызметін дамытқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

Поделиться:
Популярные новости
18 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

68 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер