Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚТЖ: 2023 жылы локомотивтерді ірі сатып алу жүргізілді
554 / 18.10.2023 00:00

ҚТЖ: 2023 жылы локомотивтерді ірі сатып алу жүргізілді

Инвестициялық бағдарлама шеңберінде ҚТЖ-ның еншілес ұйымы – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС локомотив паркін жоспарлы жаңартуды жүргізуде. 2023 жылдың басынан бастап 86 заманауи локомотив сатып алынды. Оның ішінде ТЭ33АС сериялы 55 тепловоз, 2ТЭ25КМ сериялы 14 тепловоз және KZ8А сериялы 17 электровоз бар.

Жыл соңына дейін парк тағы 52 локомотивпен толықтырылады. 2029 жылға дейін 218 локомотив, оның ішінде ТЭ33АС сериялы 75 магистральдық тепловоз, KZ8А сериялы 130 электровоз және ТЭМ11А сериялы 13 маневрлік тепловоз сатып алынады.

 Қазіргі заманғы локомотивтер Астана қаласындағы зауыттарда жиналады. Бұл ауыр жүк пойыздарымен жүк тасымалдауды жандандыруға қабілетті сенімді техника. Қазірдің өзінде заманауи локомотивтер Қандыағаш Тобыл, Тобыл – Астана, Астана – Павлодар және басқа да учаскелерде салмағы 6 мың тоннадан асатын пойыздарды тартуда.

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Ұлттық жүк тасымалдаушы паркінде 1,6 мыңнан астам локомотив бар. Жылжымалы құрамның бұл мөлшері жоспарланған жүк көлемін тасымалдау үшін жеткілікті.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қазан айында ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Қытайға ресми сапары кезінде ҚТЖ қытайлық «CRRC Corporation Limited» корпорациясымен ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім жасасты, ол бойынша 200 маневрлік және магистральдық локомотив сатып алынып, Қазақстанда жылжымалы құрамға қызмет көрсету сервистік орталықтары мен инжинирингтік орталық ұйымдастырылады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

       

    

Поделиться:
Популярные новости
18 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

68 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер