Қызылорда теміржолшылары жаңа жүктерді тасымалдауды игерді
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнына...
Түркістан облысының Арыс станциясында локомотив бригадалары үшін демалу үйіне жөндеу жүргізілді. Екі қабатты ғимарат күрделі жөндеуден өтті. Жөндеу барысында жылыту, жарықтандыру жүйелері, есіктер, терезелер, линолеум ауыстырылды. Душ, жуынатын бөлме, асхана, қабырғалар мен төбелер күрделі жөндеуден өтті. Тәулік бойы жұмыс істейтін жайлы демалыс бөлмесі, асхана жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталды.
Демалыс үйінің жалпы ауданы 530 шаршы метрден асады. Ғимаратта екі адамды – машинист пен көмекшіні орналастыруға арналған 16 бөлме бар.
Тәулік ішінде Арыс станциясындағы демалу үй жайы 12 локомотив бригадасын қабылдайды. Мұнда сапарлар арасында Жамбыл, Түркістан және Шымкент деполарының машинистері мен көмекшілері шаршағандықтарын басады.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС локомотив бригадалары үшін демалыс жағдайларын жақсарту бойынша жұмысты жалғастыруда. Биыл Арыс, Пресногорьковская, Сексеуіл, Ақсу-1, Маңғыстау, Ақбидайық, Сарышаған, Шу, Құлсары, Қарағайлы, Жезқазған, Саяқ, Сарыағаш, Қызылорда, Мақат, Ақтөбе, Шиелі, Қызылту, Шелек, Бескөл, Жаңа-Есіл, Көкшетау, Никелтау, Әйтеке би станцияларында локомотив бригадаларының 24 демалыс үйі жөнделді. Локомотив бригадаларының тағы 14 демалу үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнынан алынған темір кенінің жаңа түрін тасымалдау басталды. Соңғы екі ...
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-де теміржол саласының Әйелдер кеңесінің бірінші отырысы өтті. Кеңес тәжірибе алмасу, қолдау және компания қызметкер...
Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында ҚТЖ желісіне 236 млн тоннадан астам жүк тиелді. Ел ішінде 154 миллион тоннадан астам жүк тасымалданды,...