Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
564 / 11.10.2023 00:00

ҚТЖ: Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол жүк тасымалы жаңа рекордтар орнатуда

2023 жылдың қыркүйегінде Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24%-ке ұлғайып, 2,4 млн тоннаға жетті.

Тасымал өсімінің негізгі драйвері экспорттық жүктерді тиеу болды. ҚХР-ға экспорт 57%, яғни 1,2 млн тоннаға дейін өсті. Атап айтқанда, астық жүктері экспорты 125% артты. Қыркүйек айында импорт 13% өсті.

 Жалпы, 2023 жылдың 9 айында елдер арасындағы жүк тасымалының жалпы көлемі 22%-ке өсіп, 21,1 млн тоннаны құрады. Оның ішінде Алтынкөл – Қорғас темір жол өткелі арқылы 9,2 млн тонна тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 28%-ке жоғары. ҚХР-дан жүкті қабылдау 10%-ке, 8,3 млн тоннаға дейін, тапсыру-31%-ке, 12,8 млн тоннаға дейін өсті.

Қазан айының қорытындысы бойынша теміржолшылар 2022 жылғы тасымалдау көлемін орындауды жоспарлап отыр, ол 23,2 млн тоннаны құрады және тарихи максимум болып табылады.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
11 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

281 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

66 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер