Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат д...
Алматы жүк тасымалдау бөлімшесінің теміржолшылары өңірлердің қатты отынмен қамтамасыз етілуін тексеру үшін Алматы және Жетісу облыстарының көмір тұйықтарына барды.
Өңірлерде жылыту маусымына дайындық жоспарлы режимде жүріп жатыр. Көмір тұйықтары мен базаларында отын үшін кезек жоқ.
Алдағы жылыту маусымына Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарының тұрғындары үшін көмір қажеттілігі 1, 2 млн тоннаны құрайды. Қазірдің өзінде 526,3 мың тонна жеткізілді. Тұйықтар мен қоймаларда көмірдің қажетті қоры бар.
Мониторингтік топ 15 көмір қоймасы бар Шамалған станциясына барды. Қыркүйек айында 534 вагон жоспарында 447 вагон түсірілді. Көмір Шұбаркөл, Қызылжар, Дегелен, Екібастұз көмір разрездерінен жеткізіледі. Мұнда орташа есеппен тәулік сайын 19 вагон қатты отын түсіріледі.
Теміржолшылар әкімдіктермен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, нақты уақыт режимінде вагондардың жүру маршруттарын қадағалайды, көмір жеткізу жоспарларын, қоймалар мен тұйықтардағы қатты отын қорларын бақылайды.
Егер бұрын жергілікті тұрғындар Шамалған станциясына көмір алуға келген болса, Шелек, Алтынкөл, Тасқарасу, Құндызды станцияларында көмір базалары ашылғаннан бері адамдар тұрғылықты жері бойынша стратегиялық тауар сатып алады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...