Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
504 / 03.10.2023 00:00

Астанада Қырғыз және Қазақстан темір жолдары басшылығының кездесуі өтті

Қырғызстан мен Қазақстан темір жолдарының басшылары жүк тасымалдауды ұйымдастырудағы өзекті мәселелерді талқылап, 2023 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша жүк тасымалдау көлемінің ұлғаюын атап өтті.

Мәселен, елдер арасындағы теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10% өсіп, 4 млн тоннаны құрады. Қазақстан аумағы арқылы Қырғызстанға транзит 11%, 2,6 млн.тоннаға дейін артты. ҚР-дан Қырғызстанға экспорт 1,5 млн. тоннаны құрады, яғни өсім 16%.

 Тараптар бірінші кезекте әлеуметтік маңызды жүктердің Қазақстан аумағы арқылы транзиті бойынша бірлескен тасымалдау жоспарларын толық көлемде келісті.

2023 жылдың қазан айына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен мұнай өнімдерінің транзитін 144 мың тонна көлемінде келісім алынды. Бұл ретте 24,5 мың тонна мұнай өнімдері Қырғыз Республикасына барар жолда.

Осылайша, кездесуде Қазақстан бойынша Қырғызстанға транзиттік жүктердің, оның ішінде мұнай өнімдерінің өтуі бойынша проблемалық мәселелер жоқ екендігі атап өтілді.

Қазақстан Республикасы аумағы бойынша ЖЖМ транзитін тоқтату туралы ақпарат дұрыс емес және шындыққа сәйкес келмейді, Қырғызстан нарығында мұнай өнімдерінің тапшылығы туындауына қатысты алаңдаушылық негізсіз болып табылады.

Қырғызстан мен Қазақстанның теміржол әкімшіліктері жүктердің қозғалысын толық бақылайды және жүктерді межелі жерге дейін үздіксіз және тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тығыз байланыста болады.

Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес «Қазақстан темір жолы» ҰК»  АҚ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қырғыз Республикасына/одан шығатын транзиттік жүктерді уақтылы келісуді қамтамасыз етеді.

  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
11 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

281 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

66 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер