Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Қарттар күнін атап өтті
559 / 01.10.2023 00:00

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Қарттар күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің барлық филиалдарында – «Жол бөлімшелерінде» дәстүр бойынша 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай аға буын өкілдеріне арналған түрлі іс-шаралар болып өтті.

Елордалық депо ардагерлерді мерекелік іс-шараға шақырды. Қарт адамдарға теміржолдағы көп жылдық еңбегі үшін алғыс айтылып, зор денсаулық және ұзақ өмір тілеп, сыйлықтар табысталды. Депода есепте 410 зейнеткер және зейнеткерлік жасқа толғанға дейін машинистер мен машинист көмекшілеріне ҚТЖ төлейтін 64 салалық жәрдемақы алушы. Тараз теміржолшылары зейнеткерлер үшін аймақтың көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырды.

 Барлық өңірлерде жас теміржолшылар ел мен саланың дамуына өз үлестерін қосқан зейнеткерлерді құттықтап, алдағы жылдарға зор денсаулық, жақсы көңіл-күй тіледі. Көптеген филиалдарда шахмат, дойбы бойынша турнирлер өткізіліп, мерекелік дастархан жайылды, зейнеткерлерге азық-түлік себеттері табысталды, қарттар үшін айтулы күн мерекелік концертпен аяқталды.

Кәсіподақ пен филиал басшылығының өкілдері жалғызбасты және әсіресе қолдауға, назар аударуға және қамқорлыққа мұқтаж қарттарды үйлеріне барып құттықтады.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС есебінде - 20 мыңнан астам зейнеткер және 2 мыңнан астам салашы бар.

  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 

Поделиться:
Популярные новости
11 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

14 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

60 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер