Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
562 / 01.10.2023 10:51

Тұрғындар үшін көмірді тасымалдау вагондармен толық көлемде қамтамасыз етілуде

       Коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы қажеттіліктер үшін көмір тасымалдау "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да ерекше бақылауда. Қатты отынды тиеуге арналған вагондар бірінші кезекте беріледі. Өңірлерде көмір жеткізу жүк алушылардың өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылады. Республика бойынша жылжымалы құрамды берудегі даурықпалар мен үзілістер тіркелген жоқ. 
 2023 жылғы мамырдан қыркүйекке дейін республика бойынша 3,2 млн тонна коммуналдық-тұрмыстық көмір, оның ішінде Ботақара станциясынан 17,6 мың тоннасы тасымалданды. Оның 7,6 мың тоннасы немесе 43% станциядан тұрғындар үшін, қалғаны-өнеркәсіптік кәсіпорындарға жеткізілді.
       Жыл сайын Қарағанды облысының Ботақара станциясы разрездерінен коммуналдық-тұрмыстық көмірді темір жол көлігімен тиеп-жөнелту үлесі тасымалдардың жалпы көлемінің 0,005% құрайды. Станциядан көмір Кузнецкий және "SatKomir" МК" АҚ разрездерінен жөнелтіледі. Ағымдағы жылдың қыркүйегіне разрездерден 14,1 мың тонна қатты отын жөнелту жоспарланған, қыркүйектің 27 күнінде 11 мың тонна жөнелтілді. Қазіргі уақытта станцияда көмір тиеуге арналған 65 вагон бар. Жүк жөнелтушілерден басқа өтінімдер түскен жоқ. 
Коммуналдық-тұрмыстық көмірді тасымалдау вагондармен толық көлемде қамтамасыз етілуде. 
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі
Поделиться:
Популярные новости
19 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

457 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер