Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Арыс және Шымкент деполары локомотив бригадаларының  толыққанды демалуына жағдай жасалған
530 / 25.09.2023 00:00

Арыс және Шымкент деполары локомотив бригадаларының толыққанды демалуына жағдай жасалған

Сарыағаш станциясында екі қабатты әкімшілік-тұрмыстық ғимарат жөнделді, онда локомотив бригадаларына арналған бес демалыс бөлмесі, тамақ ішуге арналған бөлме және тауар кассасы орналасқан.

Ғимаратта қасбет жаңартылып, сыртқы қабырғаларды сырлау және сылау (қажет болған жағдайда) жүргізілді, іргелес аумақ абаттандырылды. Терезелерді, есіктерді, сантехниканы, су сорғысын, жылу қазандықтарын, жылыту жүйесін ауыстыру жүзеге асырылды.  Ғимараттың техникалық қабатында кір жуатын бөлмеде плиткаларды ауыстыру, қабырғаларды сырлау және сылау жұмыстары жүргізілді. Персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар жөнделді. Кассашылар, демалыс бөлмелері бойынша кезекшілер үшін ыңғайлы жұмыс орындары құрылды.

        Тәулігіне мұнда 16 локомотив бригадасы - 32 машинист пен машинист көмекшісі сапарлар арасында күш-қуатын қалпына келтіре алады.  Мұнда негізінен Арыс және Шымкент депосының теміржолшылары тоқтайды.  Олар үшін жарық әрі кең екі орынды демалыс бөлмелері әрқашан дайын.  Тамақтану бөлмесінде қажетті ыдыс-аяқ пен ас құралдары, сондай-ақ тұрмыстық техника: пеш, шайнек, тоңазытқыш бар.

Ыңғайлы және қауіпсіз еңбек және демалыс жағдайларын жасау - "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-ның басты әлеуметтік міндеттерінің бірі. Биыл Пресногорьковская, Сексеуіл, Ақсу-1, Маңғыстау, Сарышаған, Шу, Құлсары, Қарағайлы, Жезқазған, Саяқ, Арыс, Сарыағаш, Қызылорда, Мақат, Ақтөбе және Шиелі станцияларында локомотив бригадаларының 16 демалыс үйі жөнделді. Тағы 22 демалыс үйін жөндеу барлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып, кесте бойынша жүргізіледі.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
11 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

280 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

66 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер