Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚТЖ Достық-Мойынты учаскесін кеңейту үшін  108 мың тонна рельс сатып алады
475 / 25.09.2023 00:00

ҚТЖ Достық-Мойынты учаскесін кеңейту үшін 108 мың тонна рельс сатып алады

Достық Мойынты теміржол учаскесінде екінші жол салу үшін ҚТЖ 108 мың тонна рельс, 1500 мыңнан астам темірбетон шпалдар жиынтығы мен рельсті бекіткіштер сатып алады.

Отандық кәсіпорындарда өндірілетін жолдың жоғарғы құрылысының құрамдас бөліктері Жарық, Ақтоғай, Орта-Дересін, Жақсыбұлақ станцияларында орналасқан уақытша буын құрастыру базаларына жеткізіледі. Базаларда теміржол кранының көмегімен рельсті шпал торлары жиналады.

Арнайы платформалардағы дайын торлар қойма базаларына жіберіледі, ал жер төсемінің дайындығы бойынша төсеу орындарына жеткізіледі. Бүгінгі таңда шамамен 170 км жол торы дайындалды. 

Бүгінде жолдың жоғарғы құрылысын монтаждау Мойынты Бүйрек, Бүйрек Сарықұм, Сарықұм Көкдомбақ, Ақжайдақ Ащыөзек, Саяқ 1-ші рзд, Көкдомбақ-Балқаш 1 аралықтарында жүргізілуде.

Жалпы, 836 км екінші жолдың құрылысы кесте бойынша жүріп жатыр. Жұмыстар 600 км астам учаскеде жүргізілуде Жасанды құрылыстар салынуда, су өткізгіш құбырлар орнатылуда.

Жобаны 2025 жылға дейін аяқтау жоспарлануда. Екінші жолдың 836 шақырымы Достық Мойынты жүк жүктемесі басым учаскесінің өткізу қабілетін 5 есеге арттырады.

"Қазақстан темір жолы "ҰК"АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
11 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

13 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

60 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер