Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қазақстандық және өзбекстандық теміржолшылар  жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға келісті
538 / 24.09.2023 00:00

Қазақстандық және өзбекстандық теміржолшылар жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға келісті

Астанада «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС және «Узбекистон темир йуллари» АҚ делегацияларының екіжақты кездесуі өтті.

2023 жылдың 8 айында елдер арасында темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26% өсіп, 20,6 млн тоннаны құрағаны атап өтілді.

Астық экспорты 38%, ұн 77%, көмір экспорты 2 есеге артты. Химиялық және минералды тыңайтқыштар импорты 67%, жемістер мен кептірілген жидектер 10%, автомобильдер 6% және т.б. артып отыр.

Тараптар қосымша жоспар бойынша көмір, астық, мұнай өнімдері сияқты жүктерге басымдық бере отырып, Сарыағаш – Келес мемлекетаралық түйісу пункті бойынша пойыздар алмасуды ұлғайтуға уағдаласты.

Кездесуде жаңа піскен жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізудің жаңа тізбегін қалыптастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Жақын арада Өзбекстан станцияларынан Илецк станциясына (ҚР) маршрут бойынша кестедегі белгіленген мерзімдерге сәйкес пилоттық өтпелі рефрижераторлық пойызды іске қосуды ұйымдастыру жоспарлануда, содан кейін рефрижераторлық вагондар жеміс-көкөніс өнімдерін Қазақстаннан Өзбекстанға әкету үшін пайдаланылатын болады.

Келіссөздер достық және сындарлы жағдайда өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.

  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

  

Поделиться:
Популярные новости
1 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

277 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

62 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер