Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
167 / 20.09.2023 00:00

ҚТЖ әлеуметтік маңызды жүктерді үздіксіз тасымалдау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС және «Қазтемиртранс» АҚ басшыларының қатысуымен 2023 жылдың 8 айында көмір, астық, ұнтақ өнімдері сияқты әлеуметтік маңызды жүктерді тасымалдаудың қорытындылары бойынша брифинг болып өтті.

Жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,7%, яғни 179,1 млрд тонна-километр неттоға дейін өсті. 2023 жылдың 8 айында темір жол көлігімен 69 млн тоннадан астам тас көмір тасымалданды. Оның ішінде республика бойынша 48 млн тоннасы, ал экспортқа 20,8 млн тоннасы жөнелтілді.

Өткен кезеңде ЖЭО-ға 43,1 млн тоннадан астам жеткізілді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңі көрсеткішінен 950 мың тоннаға артық. Коммуналдық-тұрмыстық көмір 4,8 млн. тоннадан астам тасымалданды, бұл 2022 жылғы көрсеткішке сәйкес келеді.

2023 жылғы 20 қыркүйектегі жағдай бойынша ЖЭО қоймаларында 4,8 млн.тоннадан астам көмір қоры құрылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10% жоғары. 29 ЖЭО мен МАЭС-тің 16-сында Энергетика министрлігінде белгіленген қор нормаларырар 2 есе және одан да көп, ал 10 -да 1,5 есе жоғары.

Жыл соңына дейін ай сайын 9,5 млн тоннадан тасымалдау жоспарлануда. Ағымдағы жылы барлығы 106 млн тоннадан астам көмірді темір жол көлігімен тасымалдау жоспарлануда, оның ішінде қазақстандық тұтынушылар үшін - 76 млн тонна.

Астық тиеу 2023 жылғы қаңтар – тамызда 7,7 млн тоннадан асты, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 45% артық. Республика ішінде 1,3 млн тонна тасымалданды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 6% жоғары. Экспортқа 6,3 млн тоннадан астам астық жөнелтілді (2022 жылғы деңгейге+57%). 1,9 млн тонна ұнтақ өнімдері (+16%), оның ішінде экспортқа 1,4 млн тонна (+30%) тиелді.

 Жыл соңына дейін ай сайын 1 млн тоннадан астам астық темір жол көлігімен тасымалданатын болады. Жалпы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 12 млн тонна астық жөнелтіледі, оның ішінде экспортқа – 10 млн тонна. Ұнтақ өнімдерін тиеудің болжамды көлемі 3 млн тоннаны құрайды, оның ішінде экспортқа – 2,2 млн тонна.

Үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету және желінің өткізу және тасымалдау қабілетін арттыру үшін ҚТЖ бірқатар стратегиялық жобаларды іске асыруда. Достық – Мойынты теміржол учаскесінің екінші жолдары салынуда, Дарбаза – Мақтаарал, Бақты – Аягөз, Алматыны айналып өту желілерін салу бойынша жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Үш жыл ішінде ҚТЖ 1200 шақырымнан астам темір жол салуды жоспарлап отыр. Темір жолдың негізгі қарқынды жүк жүктемесі көп учаскелерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 ҚТЖ-да жүк жөнелтушілердің өтінімдерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті локомотивтер бар. 2023 жылы 138 бірлік локомотивтерді сатып алудың ірі көлемі жүзеге асты, оның 63 локомотиві жеткізілді. Жалпы, жылжымалы құрамды 2029 жылға дейін жаңарту стратегиясына сәйкес 300 жуық локомотив сатып алынады.

«Қазтемиртранс» АҚ вагон паркі кезең-кезеңімен жаңартылып отырады. 2025 жылға дейін 3 мыңға жуық жүк вагоны сатып алынады. 2023 жылдың басынан бастап 8 мыңнан астам вагон жөнделді, оның ішінде жартылай вагондар – 5 ,7 мың. Жыл соңына дейін тағы 4,8 мың вагон, оның ішінде 3,4 мың жартылай вагон жөндеумен қамтылады.

  «Қазтеміртранс» АҚ паркінде барлығы 24,5 мыңнан астам жартылай вагон, 6,2 мың жабық вагон, 2 мыңнан астам астық тасығыш бар.

Айта кету керек, Қазақстанда 300 астам жеке вагон операторы жұмыс істейді, олар өз вагондарын ҚТЖ-ның қатысуынсыз шарт негізінде жүк жөнелтушілерге жалға береді.

Осылайша, вагон паркі барлық келісілген тасымалдау жоспарларын орындау үшін жеткілікті. Сонымен қатар бүгінде елімізде астық тасымалдаушылар паркінің артық болуы байқалады, 11 мың бірлікті құрайды.  

 Компания тұрақты негізде жүк жөнелтушілермен жұмыстағы жоспарланған өзгерістер туралы алдын ала хабардар ете отырып, белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Мүдделі мемлекеттік органдарды шақыра отырып, жүк жөнелтушілермен, салалық қауымдастықтармен, астықшылармен, экспорттаушылармен, көмір разрездерімен бірлесіп тұрақты кеңестер өткізіледі.

 

099f38f6-4373-4c87-8b71-5cdb95bb5b3d.jpg

f1c7ea87-3029-489a-81be-b064be68feac.jpg

94d6c9fb-81d7-436a-a557-523d9c6aceab.jpg


 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

   

Поделиться:
Популярные новости
112 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

125 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

17 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер