Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
391 / 19.09.2023 00:00

ҚТЖ: астық тасымалдау ең алдымен негізгі жоспар бойынша жүзеге асырылады

ҚТЖ тасымалдарды жоспарлау кезінде уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен бекітілген жоспарлау қағидаларын басшылыққа алады. Тасымалдау негізгі жоспар бойынша жүзеге асырылады, оны орындау және ҚТЖ желісі мен көрші елдердің инфрақұрылымдық мүмкіндіктері болған кезде қосымша жоспар беріледі. Бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры Владимир Петров астық тасушылармен, салалық қауымдастықтармен кездесуде айтты.

Ағымдағы жылдың қыркүйегіне магистральдық желінің инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін ескере отырып, негізгі және қосымша жоспарлармен 1,1 млн тонна астық тасымалдауға қабылданды. Орындау 37% құрады. 370 мың тонна ұнтақ өнімдерін тасымалдау жоспарланған. Орындау 45% құрады.

 Қазан айында астық тасымалдаудың негізгі жоспары 1,3 млн тонна, ұн - шамамен 400 мың тонна көлемінде келісілді, мүмкіндіктер пайда болған кезде қосымша жоспар қаралатын болады.

Жыл соңына дейін ай сайын 1 млн тонна астық тасымалдауға әзірлік бар, жыл қорытындысы бойынша болжам – 12 млн тонна, оның ішінде экспортқа 10 млн тонна. Өзбекстан бағытында экспорт 5 млн тонна, ал ҚХР-ға 1,5 млн тоннадан асады.

8 ай ішінде ҚТЖ желісіне 7,7 млн тонна астық тиелді, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 45% жоғары. 1,9 млн тонна ұнтақ өнімдері тасымалданды (+16%). Экспорт 30%, яғни 1,4 млн тоннаға дейін өсті. ҚХР-ға астық тасымалы 4 есеге артып, 1,1 млн тоннаға жетті. Қытай тәулік сайын астық таситын көліктерде бір құрамды, жабық вагондарда бір құрамды және контейнерлерде бір құрамды қабылдайды.

         Кеңес барысында ағымдағы жылдың 8 айында кірме жолдарда контейнерлермен тиеу және түсіру жұмыстары кезінде 2,4 мыңнан астам фитингтік платформалардың зақымдануы анықталғаны атап өтілді. Осыған байланысты және тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап контейнерлерді тиеу және түсіру осы үшін техникалық және технологиялық жағдайлары мен жабдықтары бар станциялардың кірме жолдарында жүзеге асырылатын болады.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
105 / 18.12.2024

Қызылорда теміржолшылары жаңа жүктерді тасымалдауды игерді

Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнынан алынған темір кенінің жаңа түрін тасымалдау басталды. Соңғы екі ...

376 / 13.12.2024

Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-де теміржол саласының Әйелдер кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-де теміржол саласының Әйелдер кеңесінің бірінші отырысы өтті. Кеңес тәжірибе алмасу, қолдау және компания қызметкер...

201 / 11.12.2024

Биылғы жылдың 11 айында теміржол көлігімен 236 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында ҚТЖ желісіне 236 млн тоннадан астам жүк тиелді. Ел ішінде 154 миллион тоннадан астам жүк тасымалданды,...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер