Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«Батареяны тапсыр да кірпіні құтқар!» жобасы аясында 200 келіден астам пайдаланылған батарея жиналды
485 / 17.09.2023 00:00

«Батареяны тапсыр да кірпіні құтқар!» жобасы аясында 200 келіден астам пайдаланылған батарея жиналды

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-да пайдаланылған қуат көздерін жинау бойынша «Батареяны тапсыр да кірпіні құтқар!»  акциясының қорытындысы шығарылды. Осы жылдың 8 айында жол бөлімшелерінің экологтары кәдеге жарату үшін 201 килограмнан астам пайдаланылған батареяларды жинады. Көшбасшылар үштігіне Семей (50 килограмм жиналды), Жамбыл (45 килограмм) және Қызылорда (35 килограмм) жол бөлімшелері кірді.

  Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мен экологияға назар аудару. Мұндай өнімдерді жинау және өңдеу адамның салауатты өмір сүруі үшін табиғатты сақтауға ықпал етеді. Батареялар қауіпті 1 класты қалдық болып табылады. Олардың құрамында көптеген қауіпті элементтер бар,   қоршаған ортаға енген кезде топырақты, жер асты суларын және ауаны  улайтын зиянды заттар шығарады.

  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

Поделиться:
Популярные новости
14 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

451 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер