ПРЕСС-РЕЛИЗ
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Респу...
Ағымдағы жылдың 8 айында ҚТЖ желісі бойынша 7,4 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылдың ұқсас көрсеткішіне қарағанда 29% -ке артық. Астық экспорты 40% өсіп, 6,3 млн тоннаны құрады. Ұнтақ өнімдерін тасымалдау 16,5%, яғни 1,9 млн тоннаға дейін өсті. Экспортқа 1,5 млн тонна жөнелтілді, өсім 30,2% құрады.
Қазақстандық астық пен ұнтақ өнімдерін өткізудің негізгі нарықтары дәстүрлі түрде Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Иран, Ресей және ҚХР болып табылады.
ҚТЖ желісі бойынша жүктерді тасымалдау теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетін ескере отырып, жүк жөнелтушілердің өтінімдері бойынша алдағы айға қалыптастырылатын негізгі жоспар шеңберінде жүзеге асырылады.
Негізгі жоспар орындалмаған және желінің еркін өткізу қабілеті болған кезде жоспардан тыс тасымалдар (немесе қосымша жоспар) қалыптастырылады. Жүктерді өткізу қабілеттілігінсіз қабылдау тастанды пойыздардың жиналуына әкеледі. Өтінімдерді жасау кезінде жүк жөнелтушілер жүктерді тасымалдауды нақты жоспарлауы қажет.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...
2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...