Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
455 / 06.09.2023 00:00

Шамамен 29 млн тонна жүк теміржол көлігімен тасымалдаудың негізгі жоспарында көрсетілген

Ағымдағы жылдың қыркүйегіне ҚТЖ желісі бойынша 29 млн тоннаға жуық жүк тасымалдауға негізгі жоспар жарияланды. Бұл ретте, тамыз айында 26 млн тоннадан астам тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 8% -ке жоғары. Біркелкі тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Ұлттық тасымалдаушы жүк жөнелтушілерді тасымалдауды нақты жоспарлауға шақырады.

Жүктерді тасымалдау қағидаларында жүктерді тасымалдауды жоспарлаудың 2 түрі көзделген: тасымалдауды айлық жоспарлау (негізгі жоспар) және жоспардан тыс тасымалдау (қосымша жоспар).

           Теңіз порттары мен құрлықтағы шекаралық өткелдер арқылы «үшінші елдерге» тасымалдау кезінде өтінімдер жоспарланған ай басталғанға дейін 20 күн бұрын беріледі. ТМД елдеріне, Литваға, Латвияға, Эстонияға және Қазақстан Республикасы бойынша облысаралық қатынаста тасымалдау кезінде негізгі жоспар бойынша өтінімдер жоспарланған ай басталғанға дейін 14 күн бұрын қабылданады.

Автоматтандырылған жүйе бойынша өтінімдер алдағы айға тасымалдау көлемін келісу үшін Теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңеске (ТМД және Балтық елдеріне қатысушы елдердің Теміржол көлігі мәселелеріндегі уәкілетті орган) беріледі.

 

 ҚТЖ «Узбекистон темир йуллари» АҚ-мен жүк тиелген құрамдарды қабылдауды арттыру бойынша келіссөздер жүргізді. Қазіргі уақытта бірқатар өтінімдер Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан теміржол әкімшіліктерінде келісілуде.

Жүкті тасымалдаудың қосымша жоспарлары белгіленген тәртіппен қаралатын болады. Тасымалдаушы теміржол желісінің өткізу қабілеттілігінің шектеулі болуына және басқа да себептерге байланысты қосымша жоспарларды келісуден бас тартуы мүмкін. Бас тартудың барлық жағдайлары бойынша жүк жөнелтушілер хабардар етіледі.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

Поделиться:
Популярные новости
20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

2 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер