Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚТЖ өкілдері солтүстік өңір   астық экспорттаушыларымен кездесулер өткізді
166 / 03.09.2023 00:00

ҚТЖ өкілдері солтүстік өңір астық экспорттаушыларымен кездесулер өткізді

Көкшетау және Петропавл қалаларында биылғы егін астығын тасымалдауды ұйымдастыру бойынша кеңестер өтті. Іс-шараға «Атамекен» ҰКП, «Астық Транс» АҚ өкілдері, астық өнімдерін экспорттаушылар мен трейдерлер қатысты.

Қазақстанның солтүстік облыстары (Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан) астық және ұнтақ өнімдерін өндіру бойынша көшбасшылар және елдегі астықтың ірі экспорттаушылары болып табылады.

ҚТЖ деректері бойынша, 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың маусымына дейін астық тиеу өткен маусымның деңгейімен салыстырғанда 29% өссе, ал экспорт – 33%. Ұнтақ өнімдерін тиеу 28%, экспорт 31% артты. Қазақстандықтар үшін тасымалдау 20% ұлғайып отыр.

  Жиында «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары Нұржан Келбұғанов астық пен ұнтақ өнімдері экспортының үлесі тиісінше 82% және 76% дейін өскенін атап өтті. Өткен маусыммен салыстырғанда Өзбекстанға астық экспорты 31%, Тәжікстанға 30%, Ауғанстанға 48% артқан. Сарыағаш МАТП бағытында астық экспорты 33%, ұнтақ өнімдері 20% көбейді. Өзбек теміржол әкімшілігімен бірлескен жұмыстың арқасында өткелдің өткізу қабілеті тәулігіне 18-ден 30 пойызға дейін өсті.

 Ағымдағы маусымда ҚХР-ға астық тасымалдау 4 есеге артып, 1,1 млн тоннаға жетті. Қытай тәулік сайын астық таситын көліктерде 2 құрамнан және жабық вагондарда бір құрамнан (қаптарға салынған), жөнелту маршруттарымен (бір жүк жөнелтушіден Алашаңқай станциясының бондтық  аймағында бір жүк алушының атына) қабылдауға дайын. Бұл ретте Қытай тарапы Алтынкөл-Қорғас өткелі арқылы контейнерлерде астық жүктерін тасымалдауды ұлғайтуды сұрайды. Астық жүктерін тасымалдаудың тиімді тәсілдерінің бірі тасымалдарды маршруттау болып қала береді. Маршруттаудың  75-80% дейінгі деңгейіне жету жоспарлануда.

Кеңесте «жасырын (сұр)» транзит схемасы бойынша шекара маңы елдерінен астық әкелу туралы айтылды. Соңғы жылдары астық импорты тек темір жол көлігімен жылына 1,5 млн тоннаға дейін өсті, соның салдарынан отандық нарық шығынға ұшырады.

Астық тиеу кәсіпорындарына демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге, ал жүк жөнелтушілерге бір ай ішінде біркелкі жоспарлау мен жөнелтуді жүзеге асыруға кеңес беріледі. Экспорттаушыларға тиеу қуатын дамыту және кірме жолдарды жаңғырту қажеттігі атап өтілді – бұл астықты тиеп-жөнелту көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Кірме жолдардың едәуір бөлігі кеңестік кезеңде салынған және өткен ғасырдан бері жөнделмеген. Сонымен қатар, бірқатар элеваторлардың жеке локомотивтері мен вагон таразылары жоқ.

 Қазақстанда шамамен 19 мың вагон бар, оның ішінде жалпы парктің 32% немесе «Қазтеміртранс» АҚ (КТТ) паркіндегі 6 мыңнан астам вагон. Қолданыстағы вагон паркі бүкіл егінді республикаішілік және экспорттық бағытта тасымалдауды қамтамасыз ете алады.

Айта кету керек, КТТ вагондарын жалға алу - нарықтан төмен, сондықтан жылжымалы құрамдар жүк жөнелтушілердің үлкен сұранысына ие. «Астық Транс» АҚ-ның астық тасығыштары бойынша да осындай жағдай, олардың ставкалары басқа меншік иелеріне қарағанда 50% төмен. Сондай-ақ, ұнтақ өнімдерін тасымалдау үшін көрші елдер теміржол әкімшіліктерінің вагондар паркі белсенді тартылуда. Бұл ретте вагондар станцияларға келіп, тұрып қалатын жағдайлар тіркеледі, бұл станциялардың өткізу қабілетін едәуір қысқартады. Мұндай жағдай Қостанай станциясында қалыптасты.

ҚТЖ биылғы егіннің астығын тиімді тасымалдауды қамтамасыз ету үшін барлық мүдделі тараптармен белсенді коммуникацияларды қолдайды.

  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

    

Поделиться:
Популярные новости
115 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

128 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

21 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер