Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат д...
2023 жылдың 7 айында Ақтау теңіз сауда порты арқылы 2,6 млн тоннадан астам құрғақ және мұнайлы құйылмалы жүктері ауыстырып тиелсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі деңгейінен 24% жоғары.
Порт 142 мың тонна астық, 114 мың тонна металл, 13 мыңнан астам контейнер өңдеді. Ақтау порты арқылы Баку-Тбилиси-Джейхан бағытына қазақстандық мұнай экспортын қайта бағдарлау есебінен 2022 жылғы көрсеткішке мұнайды ауыстырып тиеу 2,1 млн тоннаға дейін, яғни 58% өсті. Ақтау порты арқылы түсті металдар экспортының өсуіне байланысты металл тасымалы 87% ұлғайды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...