5 қарашада Алтынкөл халықаралық шекара өткелінде Темір жол ынтымақтастығы ұйымының (ТЖЫҰ) жүк экспорты жөніндегі жылдық жоспары мерзімінен бұрын орындалды
Ауыстырып тиеу көлемі 6,7 млн тоннадан асты, бұл жылдық көрсеткіштің 100% -на ...
2023 жылғы 17 тамызда Қостанай қаласында «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері өңірдің жүк жөнелтушілерімен кездесу өткізді. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының орынбасары Н. Келбұғановтың төрағалығымен биылғы егінді жинау қарсаңында астық пен ұнтақ өнімдерін тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
2023 жылдың 7 айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ 6,7 млн. тонна астық тасымалдауды қамтамасыз етсе, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 30% артық. ҚХР-ға астықты контейнерлермен тасымалдау 2,5 есе өсті.
Қостанай бөлімшесі бойынша «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жарты жылда 3,5 есе көп контейнер тиелген.
Компания жүк жөнелтушілердің өтінімдерін толық көлемде орындау үшін барынша күш салады. Астық жүктерін тасымалдауды үйлестіру жөніндегі штаб жұмыс істеп, мемлекеттік құрылымдар мен астық компанияларының қатысуымен тұрақты кеңестер өткізіледі.
500 астам клиент қатысатын жедел штабтың және жүк жөнелтушілермен жалпы чаттың жұмысы арқасында ағымдағы жыл ішінде айына 1 млн тонна деңгейінде біркелкі тиеуге қол жеткізілді.
Жүк жөнелтушілер тасымалдарды жоспарлау кезіндегі іс-қимылдардың келісілуіне назар аударды, сондай-ақ бос вагондарды адрестеу жүйесін енгізу бөлігінде ҚТЖ ұсыныстарын өздерінің берілген өтінімінің көлеміне тең мөлшерде қолдады.
Өңірде тасымалдауды ұйымдастыру тиімділігін арттыру үшін ҚТЖ Қостанай станциясының өткізу қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін іс-шараларды іске асырады. Қосымша 7 станциялық жолды пайдалануға беру жоспарлануда.
Жүк жөнелтушілер кездесудің сындарлы сипатын атап өтіп, теміржолшылармен диалогқа риза екендіктерін білдірді. Көтерілген проблемалық мәселелер сол жерде шешімін тапты.



«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Ауыстырып тиеу көлемі 6,7 млн тоннадан асты, бұл жылдық көрсеткіштің 100% -на сәйкес келеді. Нәтижеге мерзімінен бұрын қол жеткізу экспорттық ...
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының шекаралық өткелдерінің жұмыс тиімділігін арттыру, сондай-ақ көрші аумақтарда жүктерді үзд...
Шымкент қаласында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің пайдалану локомотив деполары үшін өндіріс жөніндегі басшының орынбасарлары мен өндіріст...