Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат д...
Ағымдағы жылдың 21-27 тамызы аралығында теміржол инфрақұрылымын күрделі және ағымдағы жөндеу үшін ұзақтығы 4,1 мың сағаттан асатын 919 астам технологиялық «толаскездер» жүргізу жоспарланған. Бір «толаскездің» ұзақтығы – жоспарланған жұмыс көлеміне байланысты бір сағаттан 6 сағатқа дейін.
Жолдарды күрделі және ағымдағы жөндеу Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Семей және Алматы өңірлерінде жүргізілуде.
2023 жылдың соңына дейін барлығы 1 126 км теміржол магистралін жөндеу жоспарлануда, оның 557 км - күрделі.
«Толаскездерді» өткізу кезінде жекелеген учаскелерде пойыздар қозғалыс жылдамдығын сағатына 25 км дейін шектеу енгізіледі, соның салдарынан кешігулер орын алуы мүмкін.
Теміржол жолаушыларға, жүк жөнелтушілерге және жүк алушыларға келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...