Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«Самұрық-Қазына» АҚ-да «Жеті қадам» жас көшбасшыларды дамыту бағдарламасының қорытындысы шығарылды
269 / 16.08.2023 00:00

«Самұрық-Қазына» АҚ-да «Жеті қадам» жас көшбасшыларды дамыту бағдарламасының қорытындысы шығарылды

«Самұрық-Қазына» қорында 2023 жылғы 16 тамызда «Жеті қадам» жас көшбасшыларды дамытудың модульдік бағдарламасының қорытындысы шығарылды. Топ компанияларының мамандарынан құралған командалар жеті ай бойы жобаларды қорғауға дайындалды. Соңғы кезеңнің қазылар алқасына Директорлар кеңесінің мүшелері мен Қордың портфельдік компанияларының басшылары кірді.

Әр жұмыс төмендегі өлшемшарттарға сәйкес келуі керек еді:

1. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бойынша тираждау, яғни масштабтау мүмкіндігі;

2. Экономикалық жағынан орындылығы (жобаның есептеулері және оның қисынды негіздемесі);

3. ESG қағидаттарын сақтау;

4. Практикалық тұрғыда қолдану

Іріктеудің бірінші кезеңі өткен жылы қараша айында Түркістанда өткізілді. Жастар форумында арнайы челлендж негізінде 200 қатысушының 49-ы таңдалды. Оларды, өз кезегінде, жеті командаға бөліп, әрқайсысына президенттік жастар кадрлық резервінің екі тәжірибелі тәлімгері бекітілді. Қазақстанның жеті қаласында 7 оқыту модулі өткізілді.

«Самұрық-Қазына» АҚ-да «Жеті қадам» бағдарламасы жастар саясатын қолдау жөніндегі бағдарламаны іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Қордың және портфельдік компаниялардың жас әрі белсенді қызметкерлерінен болашақ көшбасшылар жасау, оларды басқару құзыреттерін енгізу техникасына үйрету, коммуникативтік дағдыларды, командада жұмыс істей білуді, бюджеттік жоспарлау қағидаттарын түсінуді дамыту мақсатында әзірленді.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов өзінің құттықтау сөзінде Қордың кадр саясатындағы басты басымдық – адам капитал болып табылатынын атап өтті. Ал «Самұрық-Қазына» тобында бүгінде 35 жасқа дейінгі 80 мыңнан астам маман жұмыс істейді. «Олардың әлеуетін барынша пайдалану үшін оларға ерекше назар аударылады», - деді Нұрлан Жақыпов.

«Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов әрбір қатысушы мен тәлімгерлерге алғысын білдірді. «Бүгінгі іс-шара «Самұрық-Қазына» қорының 15 жылдығына орайластырылып өткізілді. Біз 2022 жылы жаңа кадр саясатын бекіткенімізді білесіздер. Барлық жеті жоба да топ компанияларының дамуына өз үлесін қосады деп үміттемін", - деді ол.

Қазылар алқасы «Жеті қадам» бағдарламасында үздік деп «Кәсіпорындарда көмірсутектің әсерін азайту» жобасын таңдады, ал екінші орынды «Жастар саясатын іске асыру» жобасы, үшінші орынды «Кәсіпорындардағы қауіпсіздік мәдениеті» жобасы жеңіп алды. Жеңімпаздар алдағы екі жылда өз жобасын топ компанияларының бірінде жүзеге асыратын болады.

Бағдарламаға алты теміржолшы - жас көшбасшылар қатысты: Замир Серіков («ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік саясат департаментінің бас менеджері), Мәди Нұртаев («ҚТЖ» ҰК» АҚ Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы Семей филиалының ҚКО есеп тобының бастығы), Әйгерім Садықова («ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Астана теміржол вокзал кешені» филиалы вокзалды пайдалану бөлімінің менеджері»), Әлішер Әбенов («Вагонсервис» жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалының Павлодар учаскесі, пойыз электромеханигі), Алмас Бисаут («Жүк тасымалы-Батыс» ЖШС, ТЧЭ-5 Қандыағаш, машинист көмекшісі), Дәурен Бисаут («Жүк тасымалы-Батыс» ЖШС, ТЧЭ-5 Қандыағаш, локомотивтерді тексеру жөніндегі слесарь).

Олардың әрқайсысы осы ауқымды және қызықты жобаның бір бөлігі болғанына және Қор портфельдік компанияларының үздік жас мамандары тізіміне енгеніне өте қуанышты екенін атап өтті. Жеті ай бойы олар көшбасшылық әлеуетті дамыту бойынша жұмыс істеді, басқарушылық құзыреттерді енгізудің жаңа әдістерімен танысты, коммуникативтік дағдыларды, командада жұмыс істей білуді, бюджеттік жоспарлау принциптерін түсінуді және т.б. дамытты. Қатысушылар әртүрлі командаларға бөлініп, әртүрлі жобаларды қорғады.

- Біз бәріміз осы бағдарламадан керемет тәжірибе алдық. Біздің «Кәсіпорындардағы көмірсутек ізін азайту» жобасы үздік деп танылып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болғаны қуантады. Мұндай жеңістер одан да үлкен жетістіктерге шабыттандырады!- дейді Замир Серіков.



«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
143 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

241 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

93 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер