Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
474 / 15.08.2023 00:00

ҚТЖ-да алғашқы HR-Хакатон өтті

Астанада «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерін оқыту және дамыту орталығында өңірлік және желілік деңгейдегі HR қызметтерінің басшылары үшін «Ортақ мәселе - ортақ шешім!» – алғашқы HR Хакатон болып өтті.

Іс-шараның салтанатты ашылуына «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры Сәкен Рахметов және «ҚТЖ» ҰК» АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева қатысты.

Хакатонның негізгі мақсаты – бизнес мәселелерінің балама шешімдерін топтық іздеу, тәжірибе және озық тәжірибелермен алмасу, өндірістік учаскелердегі еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылық деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін HR-қызмет қызметкерлерінің құзыреттерін дамыту.

-Аталған іс - шараны өткізудің негізгі алғышарттарының бірі – өндірістік қызметкерлердің еңбегіне жақсы жағдай жасау және соның арқасында олардың ынтасы мен қызметі тиімділігінің көрсеткіштерін жақсарту, - деп атап өтті Сәуле Истлеева.

Қатысушыларға персоналды басқару саласындағы ішкі және сыртқы сарапшылардың қатысуымен өткен «Компанияның өмірлік циклі, қайта құрастыру құралдары» шеберлік сыныбы және «Әлеуметтік-еңбек келіспеушіліктері және оларды шешу жолдары» панельдік сессиясы ерекше ұнады.

Сондай-ақ, сараптамалық қазылар алқасының бағалауына бес команда «Билетсіз жол жүру», «ӨПБО қызметкерлері туралы», «Машинист көмекшілерін оқыту», «Тәртіптік жауапкершілік туралы» және «Штаттың жасақталуы» тақырыптарында кейстер бойынша өз шешімдерін ұсынды. Хакатон қатысушылары қазылар алқасын материалды ұсынудағы қызықты тәсілдермен, бизнестің нақты мәселелерін стандартты емес шешімдермен шешуімен таң қалдырды.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі 

Поделиться:
Популярные новости
11 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

282 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

66 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер