Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚТЖ-мен ЖЭО үшін үш айда 16 млн тоннадан астам көмір жеткізілді
517 / 15.08.2023 00:00

ҚТЖ-мен ЖЭО үшін үш айда 16 млн тоннадан астам көмір жеткізілді

2023-2024 жылдарғы жылыту маусымына дайындық кезеңінде мамыр айынан бастап ҚТЖ еліміздің жылу электр орталықтарына 16,3 млн. тонна көмір жеткізсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 250 мың тоннаға артық.

Өңірлер қажеттіліктері үшін қатты отынды жеткізу ҚТЖ-ның тасымалдаудағы басым түрлерінің бірі болып табылады. Компанияда көмір тасымалдау жөніндегі жол картасы бекітілсе, оған 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымын өткізудің оңтайлы моделі, жедел штаб жұмысы, мониторингтік топтар және т. б. іс-шаралар кіреді. 

Көмір түсірілетін кірме жолдарға кең ауқымды аудит жүргізілді. Барлық мүдделі қатысушылар үшін бірыңғай есеп пен есепті жүргізу үшін интерактивті толтырумен дашборд әзірленеді.

Әкімдіктермен, мемлекеттік органдармен және ЖЭО-мен тұрақты кеңестер өткізіледі. Көмір разрездері өкілдерімен кездесулерде 2023 жылдың екінші жартыжылдығына арналған тасымалдау жоспарлары және көмір жөнелтілімдерін аймақтарға бөлу мәселелері талқыланады. 

Жалпы, жыл басынан бері "ҚТЖ" ҰК" АҚ республикаішілік қатынаста 44,2 млн. тонна көмір тасымалданды. Еліміздің жылу электр орталықтары үшін 40 млн. тонна көмір жеткізілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 714 мың тоннаға артық.

 

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
11 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

281 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

66 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер