Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
366 / 01.08.2023 00:00

Елордалық депода ашық есік күні өтті

Кәсіби мереке - Көлік қызметкерлері күні қарсаңында Астана станциясының локомотив пайдалану  депосында балаларға арналған ашық есік күні өтті.

Балалар локомотив депосының нақты жағдайына қанығып, кәсіпорын тарихы мұражайының экспонаттарын көре алды және локомотив кабинасында болды.

Елордалық депо 1931 жылы Петропавл Көкшетау учаскесі бойынша пойыздар қозғалысы басталған кезде құрылды. Мұражай бойынша экскурсияны осы кәсіпорында 40 жылдан астам жұмыс істеген депо ардагері, Құрметті теміржолшы, бұрынғы машинист-нұсқаушы Владимир Ульяненко өткізді. Оның көз алдында депо дамып, өркендеді. Фотосуреттері мұражай стендтерінде ілінген  көптеген адамдарды ол жеке білетін.

Балалардың назарын теміржолшылар күнделікті жұмысында пайдаланған құралдар, оқу құралдары, өткен ғасырдағы машинистердің құжаттары, бүгінгі күнге дейін сақталған марапаттар ерекше аударды. Экспонаттар арасында "Қарағанды темір жолы машинистерінің Озық жұмыс тәжірибесі" брошюрасы (1949 ж.), "Паровоздарды жөндеу" кітабы (1952 ж.) бар.

          Алғашқы паровоздардың, тепловоздардың және электровоздардың макеттері балаларға үлкен әсер қалдырды.

Мұражай үнемі толықтырылып отырады. Депо қызметкерлері мен ардагерлері отбасылық мұрағаттардан құнды заттарды әкеледі

Заманауи электровозда балалар машинистің көліктегі басты мамандық екеніне көз жеткізді, ал пойыздарды жүргізу - бұл құрметті және маңызды мәселе.

Депо бойынша экскурсия барысында балаларға теміржолдағы тәртіп ережелері туралы еске салынды.  

6bb1f3a0-853a-4fa2-b377-cbe11bd618fd.jpg

846e2769-f918-4175-b20c-560bead883e5.jpg

a07e03ec-1a82-4bb7-9720-6298e89ddbe4.jpg

e13d1552-873a-4b3b-9763-ee79c9690e21.jpg

f10ba269-46d2-4aca-a955-78976e537a9e.jpg

 

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
3 / 16.07.2025

Қытай арқылы теміржолмен Вьетнамға қазақстандық бидай жөнелтілді

15 мың тоннадан астам қазақстандық бидай Қытай аумағы арқылы теміржол көлігімен Вьетнамға экспортталды. Астық Достық және Алтынкөл шекара өткелд...

12 / 15.07.2025

Вагон шаруашылығы қызметкерлері күні Илецк станциясында аталып өтті

Илецк станциясындағы вагондарды техникалық қарап-тексеру пунктінің базасында теміржолшылар «Үздік вагон қараушы» байқауын өткізді, о...

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер