Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
344 / 19.07.2023 00:00

ҚТЖ-да биылғы астықты тасымалдау мәселелері талқыланды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму, ауыл шаруашылығы министрліктері «ҚТЖ» ҰК» АҚ алаңында 2022-2023 жылдарғы астық тасымалдау қорытындысын шығарып, биылғы егін тасымалы мәселелерін талқылады. Кеңеске салалық қауымдастықтар өкілдері, ірі жүк жөнелтушілер, экспорттаушылар мен вагон операторлары қатысты.

Тоғыз айдың ішінде (2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың маусымына дейін) астық тасымалы 2021-2022 жылдардағы егін тиеудің ұқсас көрсеткішіне 29% -ке өсіп, 9,8 млн тоннаны құрағаны атап өтілді. 8 млн тоннадан астам астық экспортқа бағытталды, бұл өткен маркетингтік жылдың деңгейінен 33%-ке артық. Ұнтақ өнімдерін тасымалдау 28%, 2,7 млн тоннаға дейін өсті. Экспорт 31%, 2,1 млн тоннаға дейін артты.

Қазақстандық астық пен ұнтақ өнімдерін өткізудің негізгі нарықтары дәстүрлі түрде Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Иран, Ресей және ҚХР болып табылады. Тоғыз ай ішінде Өзбекстанға астық тасымалы - 31%, Тәжікстанға - 30%, Ауғанстанға 48% ұлғайды. Қытайға астық тасымалы 4 есеге, 1,1 млн тоннаға дейін өсті. Ұнтақ өнімдерін ҚХР-ға тиеу 3 есеге, 344 мың тоннаға дейін ұлғайды.

ҚТЖ негізгі басымдықтарының бірі маршруттық тасымалдарды дамыту болып қала береді. Соның арқасында вагон айналымын жеделдету, техникалық станцияларда вагондарды қайта өңдеу көлемін азайту, жүктерді жеткізу мерзімдерін қысқарту қамтамасыз етіліп отыр.

Кеңеске қатысушылар мемлекеттік органдардың, жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, экспедиторлардың, вагон операторларының және тасымалдаушының үйлесімді жұмысын атап өтті. Барлық мәселелер бірлесіп және жедел шешіліп келеді.

 Кездесу қорытындысы бойынша ҚТЖ элеваторларға биылғы егінді қабылдап алу үшін астық көлемін тиеуді ұлғайтуды, тәулік бойы тиеуді ұйымдастыруды ұсынды.

Енді жедел астық штабы Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің төрағалығымен айына кемінде бір рет, ҚТЖ - да аптасына кемінде бір рет отырыс өткізетін болады.

 

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
4 / 16.07.2025

Қытай арқылы теміржолмен Вьетнамға қазақстандық бидай жөнелтілді

15 мың тоннадан астам қазақстандық бидай Қытай аумағы арқылы теміржол көлігімен Вьетнамға экспортталды. Астық Достық және Алтынкөл шекара өткелд...

12 / 15.07.2025

Вагон шаруашылығы қызметкерлері күні Илецк станциясында аталып өтті

Илецк станциясындағы вагондарды техникалық қарап-тексеру пунктінің базасында теміржолшылар «Үздік вагон қараушы» байқауын өткізді, о...

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер