Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
503 / 10.07.2023 10:40

Магистральдық желіде жолды ауқымды жөндеу жалғасуда

Ағымдағы жылдың 10-16 шілдесі аралығында теміржол инфрақұрылымын күрделі және ағымдағы жөндеуге  3,7 мың сағат болатын  750 астам технологиялық «толаскез» жүргізу жоспарланған. Бір «толаскездің» ұзақтығы – жоспарланған жұмыс көлеміне байланысты бір сағаттан үш тәулікке дейін.

Жолдарды күрделі және ағымдағы жөндеу Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Семей және Алматы өңірлерінде жүргізілуде. Қарағанды облысында ауқымды жұмыстар қарқын алған.

Технологиялық «толаскездер» тасымалдардың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ күзгі-қысқы кезеңде әлеуметтік маңызы бар жүктерді (астық, көмір) тасымалдауға инфрақұрылымды дайындау үшін жүргізіледі.

«Толаскездерді» өткізу кезінде жекелеген учаскелерде пойыздар қозғалысы жылдамдығын сағатына 25 км-ге дейін шектеу енгізіледі, соның салдарынан кешігуі орын алуы мүмкін.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға, жүк жөнелтушілерге және жүк алушыларға келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Поделиться:
Популярные новости
31 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

477 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер